Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі12 наурыз 2025геральдика

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ҚАСТЕРЛІ МІНДЕТ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап  ісі  комитетінің  «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен және Shakarim University-дің қолдауымен «Менің туым – менің Отаным» акциясы аясында университеттің білім алушыларына ақпараттық-танымдық семинар өткізілді.

 

Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауын қалыптастыру, олардың мәртебесін көтеру және насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада Геральдикалық зерттеулер орталығының  бөлім басшысы Әділхайыр Мырзаханов «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің қызметімен таныстырса,   Асылжан Бижанов Мемлекеттік рәміздердің тарихы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ,  Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі туралы да айтылып,  заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік рәміздерге қатысты міндеттері мен құқықтары түсіндірілді. Іс-шара барысында мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы, оларды құрметтеу қажеттілігі ерекше атап өтілді.

 

Ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруды көздеген жиынға қатысушылар мемлекеттік рәміздерді пайдалануға байланысты сауалдарын қойып, пікір алмасты.  

 

 Геральдикалық квиз ойыны ойнатылып, белсенді қатысқан білім алушыларға арнайы сыйлықтар тарту етіліп, естелік төсбелгі ұсынылды