Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі07 қараша 2022кездесу, сайлау

SHAKARIM UNIVERSITY ШТАБ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Шәкәрім университетінде қоғамдық штаб өкілдерімен кезекті кездесу өтті. Кездесуге Семей қаласы мәслихатының депутаты Ермек Әбілмәжінов, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері, студенттер қатысты.

Кезектен тыс президенттік сайлау 20 қарашада өтеді. Сондықтан әрқайсымызға олардың маңыздылығы туралы хабарлау маңызды. Кездесуде сайлауға дайындық барысы туралы, үгіт жүргізу ережелері айтылды.

-Әрқайсымыз өз дауысымызды беру арқылы өз болашағымызды таңдаймыз. Сіздің дауысыңыз біздің ортақ тағдырымызды шешеді, - деді Семей қаласы мәслихатының депутаты Ермек Әбілмәжінов.

Айта кетейік, облыс бойынша Абай сайлаушылар тізіміне барлығы 417 801 азамат енгізілген. Сіз өзіңіздің сайлау учаскеңізді облыс, қалалар мен аудандар әкімдігінің сайтында, сондай-ақ сайттың жеке кабинетіңіз egov.kz біле аласыз.

6 қарашадан бастап облыста 109 қысқа нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді, ол дауыс беру процесі және сайлау учаскелерін нақтылау бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады. Қоңырау шалу тегін.

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы