Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі02 наурыз 2023спорт, спартакиада, профессор-оқытушылар құрамы

SHAKARIM UNIVERSITY СПАРТАКИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Шәкәрім университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында дәстүрлі өтетін спартакиада өз мәресіне жетті. Университет ұжымының денсаулығын нығайту, спорттық шеберлігін шыңдау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен спартакиада ойындары бір жарым айға дейін жалғасын тапты.
Спорттың ер және әйел адамдар арасында волейбол, футбол, баскетбол, бадминтон, тоғызқұмалақ, мылтық ату, шахмат және үстел теннисі сияқты сегіз түрінен өткен сайысқа 7 команда қатысты. Атап айтқанда, жарыс кезеңдерінде «ИТФ», «ЖМФ», «ФФ», «ГЭФ», «ВАФ» факультеттері мен «Колледж», «Ректорат» ұжымынан құралған командалар бақтары мен баптарын сынады.
Спартакиаданың жабылу салтанатында университет басшысы Бауыржан Ердембеков оқу орны ұжымының арасында салауатты өмір салтын дәріптеуде осындай шаралар зор септігін тигізетіндігін атап өтті.
«Спорт – денсаулық кепілі. Мемлекетіміз өзінің алдына дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы тұтас міндет қойып отыр. Сондықтан да Шәкәрім шаңырағында спорт, дене шынықтыру салаларына көп көңіл бөлінеді. Былтырғы жылмен салыстырғанда спорттың материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда»,- деді Бауыржан Аманкелдіұлы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы спорт сайысына 250 қызметкер қатысқан. Әрбір команда 27 адамнан тұрады. Аталған көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жоғары. Сонымен қатар жүлде қоры 4 есеге өсті. Ең алғаш ұйымдастырылған жылы 250 мың болса, биыл 1,5 млн. тг ұлғайды. Университетіміздің бастауыш кәсіподақ ұйымы 350 мың тг көлемінде қаражат бөлді.
Спорт сайысының қорытындысы бойынша «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» шыққан командалар мен жекелей қатысушылар университет ректорының Алғыс хаты мен ақшалай сыйлықпен марапатталды. Жеңімпаз командаларға арнайы жүлде қоры бекітілді. Жалпыкомандалық есепте Жаратылыстану-математика факультеті өзгелерден оқ бойы озып шығып, 1-орын (500 000) алды. Колледж командасы 2-орынды (400 000) иеленсе, жүлделі үшінші орын Ректорат құрамасының (300 000) қанжығасына байланды.
Бір жарым айға созылған спартакиада нәтижесі төмендегідей:
Бадминтон
Ерлер
1 орын – Заякин Виктор;
2 орын – Өзгерісхан Нурбулан;
3 орын – Нургалиев Данияр.
Әйелдер
1 орын – Назархан Аксункар;
2 орын – Аскар Шырайлым;
3 орын – Бакенова Камила.
Үстел теннисі
Ерлер
1 орын – Ермеков Ертаргын;
2 орын – Туктиев Кайрат;
3 орын – Хромов Виктор.
Әйелдер
1 орын – Королева Светлана;
2 орын – Жакупова Меруерт;
3 орын – Исагалиева Асыл.
Тоғызқұмалақ
Ерлер
1 орын – Жумагулов Берик;
2 орын – Мухамбаев Бектас;
3 орын – Сахаев Бақытжан.
Әйелдер
1 орын – Алмабек Асем;
2 орын – Муслимова Назерке;
3 орын – Рахматулина Дарига.
Шахмат
Ерлер
1 орын – Демежанов Толеубек Мухамедиевич;
2 орын – Полевик Василий;
3 орын – Әлімханов Нурахмед.
Әйелдер
1 орын – Кабышева Жанар;
2 орын – Рахматулина Дариға;
3 орын – Садыкова Райгуль;
3 орын – Кулмышева Назым;
3 орын – Назархан Ақсұнкар.
Мылтық ату
Ерлер
1 орын – Ибраев Болаткали;
2 орын – Шакенов Жанатбек;
3 орын – Кабышев Талғат.
Әйелдер
1 орын – Байбосинова Құралай ;
2 орын – Назархан Ақсұнкар;
3 орын – Асқар Шырайлым.
Алдағы уақытта студенттер арасында спартакиада ойындары өтеді.