Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі24 маусым 2024спорт, жеңімпаз

SHAKARIM UNIVERSITY СТУДЕНТІ ЖАЛҒАС ҚАЙРОЛЛА – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ

Қазанда V БРИКС Спорттық Ойындары өз мәресіне жетті, Қазақстан құрамасы медальдық есепте 10-орынға ие болды. Команда қоржынында екі алтын, 10 күміс және он жеті қола медаль бар.
Қола жүлде арасында Shakarim University 3 курс студенті Жалғас Қайролла да бар. Татарстан астанасы әлемнің 90-нан астам елінен 5 мыңға жуық спортшыны қабылдады. Жалпы, спорттың 27 түрінен барлығы 387 медаль жиынтығы додаға салынды.
БРИКС Ойындары – бұл осы экономикалық топқа мүше мемлекеттер арасында дәстүрлі түрде өткізілетін халықаралық мультиспорттық жарыс. Барша қазақ елін және Жалғастың жеке бапкерін Оспанов Ерасыл мырзаны жеңістеріңізбен құттықтаймыз!
Жалғас батырымызға алдағы жарыстарда да биіктерден көрініп, Олимп шыңын бағындыруға тілектеспіз! Алға ҚАЗАҚСТАН!