Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі23 қаңтар 2024колледж, кәсіптік бағдар беру

ШӘКӘРІМ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Шәкәрім университетінің Кәсіптік бағдар беру және қабылдау комиссиясы бөлімінің ұйымдастыруымен Шәкәрім жоғары колледжі білім алушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – мамандық бойынша жоғары білім алу ерекшеліктерін түсіндіру.
Шара барысында университет өкілдері колледж түлектеріне жоғары оқу орындарына түсу ерекшеліктері, құжаттарды қабылдау, жұмысқа орналасу және қосымша білім алу мүмкіндіктері турасында толыққанды мағлұмат берді.
Айта кету керек, Шәкәрім жоғары колледжінде «2+2» (2 жыл Шәкәрім жоғары колледжі + 2 жыл Шәкәрім университеті) және «3+2» (3 жыл Шәкәрім жоғары колледж + 2 жыл Шәкәрім университеті) бағдарламалары жүзеге асады.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары колледж бітіруші түлектерге оқуын әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік береді. Сондықтан да мамандық туралы білім және түсінік жүйесін қалыптастыруда кәсіби бағдар берудің қызметі орасан зор.