Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі22 қараша 2022студенттер, құттықтаймыз, венский бал

ШӘКӘРІМДІКТЕР ЖЕҢІМПАЗ!

Бүгін Шәкәрім университетінің Гуманитарлық-экономика, Ветеринария және агроменеджмент, Жаратылыстану-математика факультеттері мен Шәкәрім жоғары колледжі қарашаңырақ намысын дәстүрлі "Вена балы - 2022" байқауында қорғады.
Вальс әуеніне ұласқан, мазурка, полонеза, менуэт билеген жастар кештің сәнін кіргізді. Салтанатты кеш сымбатты серілер мен сұлу бойжеткендер қатысатын Вена балына ұқсады. Бүгінгі таңда сұлулық пен саф өнерді паш ететін мұндай бал кештерінің тек, Австрия жерінде өткізілетінін ескерсек, әсем кешті шәкәрімдік студенттер өзара бөлек, заманауи үлгіде ұсынды.
Эстетикаға толы кеште Шәкәрім жастары оқ бойы озық екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Кеш қорытындысы бойынша, Жаратылыстану-математика факультеті 1 орын иеленсе, Шәкәрім жоғары колледжі мен Әлихан Бөкейханов университетінің студенттері 3-орынға жайғасты. 2 орынды Семей медициналық университеті алды.
Талантты да талапты студенттерімізді жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз! Алар асуларыңыз, бағындырар белестеріңіз көп болғай! Біз сіздерді мақтан тұтамыз!
ЖАСАСЫН, ШӘКӘРІМ ЖАСТАРЫ!