Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі14 қаңтар 2022

СЫНДАРЛЫ СҰХБАТ

Мемлекетімізде орын алған соңғы оқиғалардан кейін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Парламент Мәжілісінің отырысында арнайы мәлімдеме жасаған болатын. Аталмыш мәлімдемеде мемлекеттің басшысы елдіктің кепілі – халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруда деген.
«Semei» телеарнасының «Бағдар мен белес» бағдарламасы университет ғалымы мен Қазақстанның экономика саласы жайлы сараптама жасаған сындарлы сұхбат өткізді.
Эфирге барып, арнайы сұхбат берген экономист-ғалым, PhD, университетіміздің оқытушысы Жібек Абылкасимова. Әріптесіміз бағдарлама авторы, журналист Сайра Қажыоспанқызымен сұхбаттаса отырып, мемлекет басшысының мәлімдемесіне байланысты ойымен бөлісті.