Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі27 қыркүйек 2023кездесу, форум, жас ғалым

УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫСЫ ЖАС ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойы аясында «SHAKARIM FORUM: тың идея, жаңа қадам» форумы шеңберінде Басқарма төрағасы Думан Орынбековтың жас ғалымдармен кездесуі өтті.
Жас ғалымдардың шығармашылық жобалары мен бастамаларын қолдау және ғылыми идеяларын кеңейту мәселелерін талқылау мақсатында университетте «Жас ғалымдар» кеңесі қызмет атқарып келеді.
Кеңес отырысында сөз сөйлеген университет басшысы Думан Рымғалиұлы отандық ғылымның қазіргі деңгейі өркениетті елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен екенін баса айтты.
- Елімізде ғылым саласына, әсіресе жас ғалымдарға мемлекет тарапынан зор көңіл бөлініп, елеулі қолдау көрсетіліп келе жатыр. Бұл тараптағы біздің мақсатымыз – ғылымның дамуына жаңа қарқын беру, оның дамуы үшін дұрыс бағыттарды қабылдау және отандық бизнестің ғылыммен тығыз байланыста болуына ықпал ету -, деді Думан Рымғалиұлы.
Жиын соңында білім ордасының жас ғалымдары өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-тілектерін айтты.