Ақтауда дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті.
Батыс Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған ел біріншілігіне 14 облыс , Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 450-ден астам татами шеберлері қатысты.
Байрақты бәсекеде Шәкәрім университетінің студенті Роза Нысантайқызы алтын медальды қанжығасына байлады.
Биік белестерді бағындырып жүрген жас спортшымыз алдағы уақытта халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын болады.
Розаның бапкері, тәжірибелі жаттықтырушы "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасының аға оқытушысы - Жұманбаев Айбек Жамбылұлы.
Жеңіске жеткен спортшымызды шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!