Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі30 шілде 2024студенттер үйі

Жаңа оқу жылы қарсаңында Shakarim University студенттерді студенттер үйіне орналастыруға дайындықты бастап кетті

Студенттер үйі – студенттер өміріндегі маңызды орын болып табылады. Бұл мекеме оқу жылы бойы жастардың баспанасы, демалыстары мен әлеуметтік өмірлерінің орталығы ретінде қызмет етеді. Студенттік кезең, әдетте, жастардың өзін-өзі танып, жаңа өмірге бейімделу кезеңі болғандықтан, жатақхана осы процесте маңызды рөл атқарады.

 «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетіне ағымдағы оқу жылына жатақханалардың дайындығын тексеру мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Жатақханалар жақсы жағдайда атап айтарлықтай кемшілік мен құқықбұзушылықтар байқалған жоқ, жатақханалар оқу жылына студенттерді орналастыруға толықтай дайын», - деп өз ойын білдірді факультет деканы басқаратын арнайы құрылған факультет комиссиясы Мадина Айбекқызы.

Студенттер үйі жайлы

• Шәкәрім Университетінің сыйымдылығы 1122 орын  студентке дейін ( 5 жатақхана бойынша).

• Бір адам үшін пайдалы аумақ көлемі - 6,6 шаршы метр.

• Жатақханада әрбір бөлме 2-6 адамға есептелген және төсек, шкаф, пуфик, тумбочка және тоңазытқыштармен жабдықталған.

• Әр жатақхана заманауи техникамен - кір жуатын машина, киім үтіктегіш тақталар және үтікпен жабдықталған, компьютер бөлмесі, демалыс бөлмесі, ас үй, спорттық бөлме, душ және кір жуатын бөлмелері бар.

• Барлық студенттер үйінде Wi-Fi интернет жұмыс істейді. Демалыс бөлмелері мен компьютер бөлмесі спутниктік және жергілікті телевидениені көрсететін плазмалық теледидарлармен жабдықталған. Барлық тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жатақхана күні-түні қорғалады.

Шәкәрім университеті студенттер үйіне бірінші кезекте 1-курс студенттерін 25-28 тамызда орналастырып, 28-31-ші тамыздан бастап жоғары курс студенттерінің әлеуметтік категориясы бойынша студенттер үйіне орналыса алады.

Студенттер үйінде  орын шектеулі болғандықтан, орын студенттердің жеке тұрмыс жағдайларына қарай бөлінеді. Алдымен бірінші курс студенттеріне, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, шетелдік студенттерге басымдық беріледі.

 

Керекті құжаттар:

- студенттер үйіне орналасу туралы өтініш;

- жеке куәлік көшірмесі;

- 3*4 фото - 4 дана;

- ақысын төлегені туралы квитанция;

- студенттер үйіне орналасу бойынша келісім-шарт;

- студенттер үйіне медициналық тексерілу

 

 

Студенттердің жайлы өмір сүруі үшін студенттер үйінің жағдайын жақсарту мен жаңарту мәселелері SHAKARIM UNIVERSITY үшін басты назарда.