1. Ғылыми кеңес қызметінің мақсаттары:
1.1 Білім беру бағдарламаларын сәтті іске асыру мақсатында білім алушылар мен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін қажетті жағдайлар жасау;
1.2 Университетті қаржылық қолдауды және материалдықтехникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету;
1.3 Университеттің одан әрі дамуына жәрдемдесу.
2. Ғылыми кеңестің құзыреттері:
2.1 Университеттің ұйымдық құрылымы бойынша: университеттің әкімшілік, оқу және ғылыми бөлімдерін (кафедралар, факультеттер, зертханалар және т.б.) құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде Директорлар кеңесінің қарауына ұсыныстар енгізеді және қарастырады;
2.2 Университет Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстар енгізу;
2.3 Университеттің даму стратегиясын айқындайды;
2.4 Университеттегі оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;
2.5 Ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлім басшыларының оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпараттық және халықаралық қызметті жүргізу нысандары мен әдістері туралы жыл сайынғы есептерін тыңдайды;
2.6 Жоғары білім берудің көп деңгейлі жүйесінде оқыту мерзімдері бойынша мамандар даярлаудың жаңа бағыттарын айқындайды және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру бағдарламаларын бекітеді;
2.7 Монографияларды, оқулықтарды, оқу құралдарын және оқуәдістемелік әзірлемелерді қарастырады және басылымға ұсынады;
2.8 Білім алушыларды ақылы бөлімнен білім беру грантына ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
2.9 Университеттің негізгі мәселелерін қарастырады және әлеуметтік даму шешімдерін қабылдайды;
2.10 Оқу-зертханалық және ғылыми-зертханалық базаны дамытудың перспективалық жоспарын қарайды;
2.11 Студенттердің дипломдық жұмыстарының тақырыптары мен жетекшілерін, диссертациялық зерттеулер бойынша магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшілері мен кеңесшілерін бекітеді;
2.12 Университеттің стратегиялық даму жоспарын іске асыруға байланысты мәселелерді қарайды;
2.13 Ақылы білім беру қызметтерін көрсету, өндірілетін өнімді коммерцияландыру және өткізу арқылы ЖОО алатын кірістерді қайта инвестициялау бағыттары, сондай-ақ ақшалай қаражатты пайдалану тәртібі бойынша ұсыныстарды қарастырады және Басқармаға ұсынады;
2.14 Ішкі тәртіп ережелерін қарастырады және бекітеді;
2.15 ЖОО қызметкерлерін, шығармашылық ұжымдарды үкіметтік наградаларға, ғылыми және құрметті атақтарға, сыйлықтар мен стипендиялар алуға ұсыну, «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық конкурсына қатысу үшін кандидаттардың ұсынымдары туралы мәселелерді қарайды;
2.16 Алқалы шешімді талап ететін ЖОО қызметінің өзге де мәселелерін қарайды.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ
- Орынбеков Думан Рымғалиұлы – Басқарма Төрағасы – Ректор, төраға
- Сағанаева Гүлнұр Бейсембайқызы – ғалым хатшы, қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы
- Оралқанова Индира Адылкановна – Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор
- Қалибекқызы Жанар – Басқарма мүшесі-ғылым және инновация жөніндегі проректор
- Шаменов Мерей Ерболович - Басқарма мүшесі-әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор
- Карибаев Мақсат Серікұлы – Басқарма Аппаратының басшысы
- Құрмамбаева Қарлығаш Солтанбековна – қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы
- Байтерекова Гульжахан Еримовна – жұмыс беруші, университет серіктесі «Қазақстан Халық банкі» АҚ Семей қаласы бойынша директоры
- Әмірханов Құмарбек Жүнісбекұлы – тағам өндірісі технологиясы және биотехнология кафедрасының профессоры, Ардагерлер кеңесінің төрағасы
- Еспенбетов Арап Слямұлы – «Абай және Ұлттық руханият» Ғылыми орталықтың жетекші ғылыми қызметкері, Ардагерлер кеңесінің мүшесі
- Тоқаев Зейнолла Қалымбекұлы – ветеринария кафедрасының профессоры, Ардагерлер кеңесінің мүшесі
- Нұрымхан Гүлнұр Несіптайқызы – инженерлік-технологиялық факультетінің деканы
- Есенгулова Нурлыгуль Жансаповна – ветеринария және агроменеджмент факультетінің деканы
- Тлемисов Ұлан Бағдатұлы – гуманитарлық-экономика факультетінің деканы
- Мукаев Жандос Төлеубекұлы – жаратылыстану-математика факультетінің деканы
- Берикханова Гульназ Еженхановна - физика-математика ғылымдары және информатика кафедрасының профессоры
- Нуржанова Кульсара Халимарденовна - ауылшаруашылығы және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі
- Жолымбаев Оралтай Муратканович – физика-математика ғылымдары және информатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры
- Қасымова Жанар Сайлаубековна – химиялық технологиялар және экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры
- Аккалиева Айжан Файзрахмановна – шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы
- Оразгалиева Арайлым Канатовна – экономика және қаржы кафедрасының қауымдастырылған профессоры
- Беленко Оксана Геннадьевна – психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры
- Қасымов Асқар Бағдатұлы – Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, Техникалық физика және жылу энергетикасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а.
- Қанатқызы Марал – «Экономика және басқару» ББ 1-курс магистранты
- Шағыманова Еркеназ – «Қазақ тілі және әдебиет» ББ 3-курс студенті Ғылыми кеңестің 08.02.2024 жылғы №6 хаттамасымен бекітілді
«СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2021-2021 оқу жылына арналған кешенді жұмыс жоспары
2022-2023 оқу жылына арналған Алқалық орган отырыстарының жоспары
ҒК 2023-2024 оқу жылына жоспары