31 march 2023

«2 сәуір – дүниежүзілік аутизм жайлы ақпарат тарату күні»

2008 жылдан бастап жыл сайын 2 сәуірде аталып өтетін Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні (World Autism Awareness Day) БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылғы 18 желтоқсандағы № A/RES/62/139 қарарымен белгіленді.

Осыған орай  Шәкәрім университетінде психологиялық қызмет орталығы көмегімен «2 сәуір – дүниежүзілік аутизм жайлы ақпарат тарату күні» аясында  іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында университеттің студенттері белсенділік танытып, өздерінің шығармашылығын да көрсете  алды.