01 february 2024

«Қаржылық магнит» трансформациалық ойын

Well-being psy_club_shakarim психологиялық волонтерлық клубы кезекті отырысын «Қаржылық магнит» трансформациалық ойын форматында өткізді. Трансформациалық  ойын барысында: Қаржылық жағдайымды қалай өзгертуге болады? Жеке құндылығымды арттыруға не көмектеседі? Менің өмірімдегі молшылық пен әл-ауқаттың ағынына қандай энергия кедергі жасайды? Неліктен ақша қиын болып, менің өмірімді тез тастап кетеді? Қажетті соманы қалай үнемдеуге және жинақталған ақшаны көбейтуге болады? тсс сұрақтарды өздеріне анықтады. «Қаржылық магнит» трансформациалық ойынды профессор Ш.Сатиева өткізді. Студенттерге бұл формат қызықты болды.