11 december 2024

«Стресс-квест: Сессияны жеңу стратегиясы» тренингі

Орны: Шәкәрім университеті, Филология жоғары мектебі.

 Шәкәрім университетінің психологиялық қолдау қызметінің жетекшісі, Сатиева Шолпан Серикбосыновна бастамасымен университеттің студенттеріне арналған «Стресс-квест: Сессияны жеңу стратегиясы» атты тренинг өткізілді. Тренинг сессия кезеңіндегі стресспен тиімді күресуге, оқу жүктемесін басқаруға және өнімділікті арттыруға бағытталды.

Тренинг интерактивті форматта өткізіліп, студенттерге стресс-менеджменттің практикалық әдістері үйретілді. Олар өз денсаулығын сақтау жолдарымен танысып, оқу процесіндегі қиындықтарды жеңу үшін тиімді стратегиялар мен техникаларды меңгерді. Тренингтің өткізілу форматы студенттерге қолайлы болып, олардың белсенді қатысуын қамтамасыз етті.

Іс-шараның мақсаттары:

  • Сессия кезеңіндегі стресс деңгейін төмендету
  • Оқу жүктемесін тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру
  • Өзін-өзі реттеу және өнімділікті арттыру әдістерін үйрету
  • Студенттердің психологиялық денсаулығын қолдау

«Стресс-квест: Сессияны жеңу стратегиясы» тренингі студенттер арасында оң пікір қабылдап, олардың оқу процесіндегі әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізді. Университет психологиялық қолдау қызметі болашақта да мұндай пайдалы іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.