2025 жылдың 16 қаңтарында Shakarim University Психологиялық қолдау қызметінің профессоры Ш.Сатиева «Shakarim High School» мұғалімдеріне арналған көшбасшылықты дамыту тренингін өткізді. Тренинг барысында қатысушылар көшбасшылық дағдыларын жетілдіріп, психологиялық икемділік пен өзгерістерді қабылдау стратегияларын меңгерді. Интерактивті жаттығулар арқылы қатысушылар топта жұмыс істеу әдістерін жақсартып, кәсіби және жеке дамуға қажетті жаңа білім алды. Тренинг Кевин Мюррейдің көшбасшылыққа арналған еңбектеріне сүйеніп, өзгерістерді басқару мен қиындықтарды мүмкіндікке айналдыруға үйретті. Ш.Сатиева: «Өзгерістер жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктерге жол ашады. Қатысушыларымыз осы білімдерін тәжірибеде тиімді қолданатынына сенімдімін», – деп атап өтті. Тренингке қатысушылар жаңа стратегияларды меңгеріп, өз-өздеріне сенімділік арттырды.