📌 "Білім беру – стресс емес, шабыт!"
Shakarim University Физика-математика ғылымының жоғары мектебі, Филология жоғары мектебі және Жаратылыстану ғылымдарының жоғары мектептерінде жас оқытушыларға арналған кезекті психологиялық тренинг өтті!
🎯 Мақсаты: кәсіби күйіп кетудің алдын алу, жанжалдарды басқару, стрессті жеңу және студенттермен тиімді қарым-қатынас орнату бойынша лайфхактармен бөлісу.
🧠 Тренингті Психологиялық қолдау қызметінің жетекшісі, профессор Ш.Сатиева жүргізді.
✨ Жас оқытушылар:«Өзімді түсініп, күйзелісті басқару жолдарын үйрендім!»
– «Мотивация алып, студенттермен жұмыс істеуге жаңа көзқарас қалыптасты!»
– «Күнделікті күйбеңнен шабытқа толы сәттерді іздеуді үйрендім!», деп өз әсерлерімен бөлісті!