Психологиялық қолдау қызметі Шәкәрім жоғары колледжі студенттері және "Шәкәрім Университеті" КеАҚ Дайындық бөліміне (ҚХР мен Монғолия елінен келген студенттер)31- мамыр Дүниежүзілік темекіге қарсы күнге орай тренинг өткізді. Тренингті жүргізген Психологиялық қолдау қызметі маманы Сағындыкова Қ.А. Студенттер келесі маңызды білім мен дағдыларды ала білді:
- Темекінің зияны туралы нақты ақпарат
– Темекі шегудің денсаулыққа (өкпе, жүрек, ми, т.б.) тигізетін зиянды әсері туралы түсінік алды.
– Пассивті темекі тартудың да қауіпті екендігін білді.
- Темекіге қарсы тұру дағдылары
– Қысымға қарсы тұру, құрдастарының ұсынысынан бас тарту әдістерін үйренді.
– "Жоқ" деп айту мәдениеті мен сенімділікпен жауап беру тәсілдерін меңгерді.
- Дұрыс таңдау жасаудың маңызы
– Салауатты өмір салтының артықшылықтарын түсініп, өз таңдауы үшін жауапкершілік алуды үйренді.
- Мотивация және қолдау
– Темекіден бас тартқысы келетін студенттерге мотивация мен қолдау көрсету жолдарын білді.
– Өз өмірінде және айналасында жағымды өзгерістер жасауға ынталанды.
- Әлеуметтік науқанның маңызы
– Қоғамдастықтағы темекіге қарсы қозғалыстардың маңызын түсінді және белсенді қатысуға дайын болды.