18 june 2025

Тренинг:"Коммуникативтілік дағдыларды дамыту"

Психологиялық қолдау қызметінің  маманы Қ.А.Сағындыкова Shakarim University қызметкерлеріне Коммуникативтілік дағдыларды дамытутақырыбында тренинг өткізді.Тренинг барысында:

·  Командалық жұмысты жақсарту
– Қызметкерлер бір-бірімен тиімді, ашық әрі сыпайы қарым-қатынас орнатуға үйренді.
– Ортақ мақсаттарға жету жолында ынтымақтастық пен жауапкершілік артты.

·  Іскерлік коммуникацияның сапасы артты
– Күнделікті жұмыс барысындағы жазбаша және ауызша байланыс (жазысу, кездесулер, есеп беру) жақсарды.
–Іскерлік әңгімелерді мәдениетті әрі нақты жүргізуді үйренді.

·  Қызметкерлер арасындағы түсініспеушіліктер азайды
– Қақтығыстарды ерте сатысында шешу, сабырмен сөйлесу және қарсы тарапты тыңдау дағдылары дамыды.
– Психологиялық жайлылық деңгейі көтерілді.

·  Сенімділік және жауапкершілік күшейді
– Қызметкерлер өз ойларын сенімді жеткізіп, бастамашылық таныта бастады.
– Міндеттерді нақты бөлісу мен жауапкершілікпен орындау жақсарды.

·  Мотивация және ішкі байланыс нығайды
– Коммуникация арқылы өзара қолдау, позитивті атмосфера қалыптасты.
– Әріптестер арасындағы сенім артып, ұжымдық рух күшейді.