29 қыркүйек 2023

ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ - 2023

Шәкәрім университетінде «Шәкәрім оқулары – 2023» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференция «SHAKARIM FORUM: тың идея, жаңа қадам» форумы аясында өткізіледі. Форумды «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ және Абай облысы әкімдігі бірлесіп өткізеді. Конференция жұмысына ҚР Парламентінің Сенаты, министрлік, Абай облысы әкімдігі мен Семей қаласы әкімдігінің өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар мен оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, зиялы қауым өкілдері, магистранттар қатысатын болады.

Модератор: Орынбеков Думан Рымғалиұлы

Шәкәрім университетінің Басқарма төрағасы – Ректор

Халықаралық дөңгелек үстел ҚР Парламент Сенаты төрағасы Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының құттықтау сөзімен ашылады.
Спикерлер:
1. Еспенбетов Арап – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор;
2. Матыжанов Кенжехан – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі;
3. Хусейн Қаһраман – PhD, қауымд.профессор, Афион Қожатепе университеті (Түркия);
4. Үсен Айгүл – филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры;
5. Қыдыр Төрәлі – филология ғылымдарының кандидаты, қауымд.профессор, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директор орынбасары.
Форум аясында ғұлама философ Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткішіне гүл қою рәсімі, «Абайдың есті сөздерінен...» кітабының тұсаукесері, Shakarim High School жоғары мектебінің ашылу рәсімі, «Ұлыларға тағзым» Жидебай жеріне сапар өткізіледі.
Өтетін орны: Семей қаласы, Глинка к-сі, 20 А, «Үш анық» конференц-залы.
Күні: 29.09.2023ж., 11:35.
Толық ақпарат: +7 747 661 6126 Жансая Саянқызы – Шәкәрім университетінің Медиа орталық басшысы.