Грант конкурсына құжат қабылдау
Құрметті магистратураға түсушілер!
Магистратура грант конкурсына құжат қабылдау 15-18 желтоқсан аралығында жүргізіледі.
Құжаттарды ЖОО қабылдау комиссиялары немесе виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы тапсыра аласыз. Виртуалды комиссиялардың тізімі testcenter.kz сайтындағы «Магистратураға түсушілерге» бөлімінде жарияланған.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
Жеке куәліктің көшірмесі;
Жоғары білім туралы құжат (диплом және қосымшасы);
КТ сертификаты;
Шетел тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болған жағдайда).
Құжат тапсыру кезінде бір мамандық және үш ЖОО көрсетуге болады.
Грант иегерлерінің тізімі 25 желтоқсанға дейін жарияланады.
Сәттілік серік болсын!