Minor «FoodTech - тұрақты технологиялар»
Бұл курс азық-түлік индустриясындағы тұрақты дамуға бағытталған заманауи технологиялық шешімдерді зерттеуге арналған. Студенттер экологиялық қауіпсіз шикізатты өңдеу әдістерін, азық-түлік ысырабын азайту жолдарын, энергия тиімді технологияларды және қоршаған ортаға ең аз әсер ететін өнімдер жасауды меңгереді. Ерекше назар FoodTech инновацияларына, баламалы шикізат көздеріне, тұйық циклді технологияларға және «таза өндіріс» қағидаттарына аударылады.
Мақсаты | Қалыптасатын негізгі құзіреттер | Оқыту нәтижелері |
Курсты меңгерудің мақсаты — студенттерде FoodTech саласындағы заманауи тұрақты технологиялар жөнінде жүйелі түсінік қалыптастыру, сондай-ақ азық-түлік индустриясында экологиялық тиімді және ресурсты үнемдейтін шешімдерді әзірлеу, бағалау және енгізу үшін қажетті білім мен дағдыларды дамыту. | Оқыту нәтижесінде білім алушы процестердің ресурстарға, энергия тұтынуға және қалдықтарға әсерін талдай алады, тағам өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және қаптау кезінде экологиялық қауіпсіз тәсілдерді қолдана алады, сондай-ақ тұрақты шешімдерді әзірлеу барысында биология, химия, инжиниринг және экономика салаларындағы білімді біріктіре алады. | Нормативтік құжаттардың және тамақтану туралы қазіргі заманғы ғылымның талаптарына сәйкес жоғары сапалы тамақ өнімдерін өндіруді қамтамасыз |
№ | Minor курстары | Сипаттамасы |
1 | Бұл пән ресурстарды ұтымды пайдалану және азық-түлік өнеркәсібінің қоршаған ортаға теріс әсерін барынша азайтуға бағытталған. Курста қалдықтарды жіктеудің және қайта өңдеудің заманауи тәсілдері, шикізатты кәдеге жарату мен қайта пайдаланудың инновациялық технологиялары, сондай-ақ «жасыл экономика» мен тұрақты даму тұжырымдамалары қарастырылады. Ерекше назар нормативтік талаптарға, экологиялық қауіпсіздікке, ресурсты үнемдейтін және қалдықсыз технологияларды азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарында енгізуге аударылады. | |
2 | Дисциплина шикізат пен азық-түлік өнімдерін өңдеудің сапасын, қауіпсіздігін және өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған перспективалы әдістерін зерттейді. Онда жоғары қысым, импульсті электр өрістері, ультрадыбыстық және микротолқынды өңдеу, мембраналық технологиялар, нанотехнологиялар сияқты инновациялық физикалық, химиялық және биотехнологиялық үдерістер қарастырылады. Энергия шығындарын азайта отырып және қоршаған ортаға әсерді минимумға келтіре отырып, өнімдердің тағамдық құндылығын және органолептикалық қасиеттерін сақтауға мүмкіндік беретін технологиялар зерттеледі. | |
3 | Дисциплина мини-кәсіпорындардың түрлерін, олардың құрылымын, өндірісті ұйымдастыруды, өнім ассортиментін, сондай-ақ мини-кәсіпорындардың цехтық құрылымын және ондағы технологиялық ұйымдастыруды зерттейді. Онда кәсіпкерліктің негіздері, азық-түлік саласындағы стартаптарды әзірлеу және іске қосу, бизнес-жоспарлау, тәуекелдерді бағалау және маркетингтік стратегиялар қарастырылады. Ерекше көңіл инновацияларға, заманауи технологияларға және азық-түлік қауіпсіздігі талаптарына бөлінеді. Курс өндірісті ұйымдастыру және стартаптар құру дағдыларын қалыптастырады. |