Minor «Практикалық логистика: тапсырыстан жеткізілімге дейін»

Курс цифрлық экономика, жаһандық нарықтар және тұрақсыз логистикалық орта жағдайында жеткізу тізбектерін басқарудың жүйелік түсінігін қалыптастыруға бағытталған. Материалдық, ақпараттық және қаржылық ағымдарды жоспарлау, үйлестіру және бақылау мәселелерін қамтиды.

Мақсаты

Қалыптасатын негізгі құзіреттер

Оқыту нәтижелері

Студенттерде жеткізілімдерді басқару және жеткізу тізбектерін оңтайландыру бойынша кәсіби білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

Жеткізу тізбектерін басқару.

Сатып алу және қорларды басқару.

Логистикалық процестерді талдау.

Логистикада басқарушылық шешімдер қабылдау.

Түлек жеткізу тізбектерін талдай алады және жобалайды, сатып алу мен логистикалық ағымдарды басқарады, шығындарды оңтайландырады және кәсіпорынның логистикалық жүйесінің тұрақтылығын арттырады.

Minor курстары

Сипаттамасы

1

Логистикалық үдерістер мен жүйелер

Бұл пән логистиканы материалдық, ақпараттық және қаржылық ағындарды басқару жүйесі ретінде оқытуға бағытталған. Пәнде логистиканың функциялары, логистикалық жүйелердің құрылымы, жеткізу тізбектері, логистика түрлері және кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудағы рөлі қарастырылады.

2

Цифрлық логистика және электрондық коммерция

Пән логистика және электрондық коммерциядағы заманауи цифрлық технологияларды зерттейді. Логистикалық ақпараттық жүйелер, онлайн платформалар, қойма автоматтандыруы, e-commerce логистикасы және «соңғы миля» мәселелері қарастырылады. Тапсырыстарды басқару мен жеткізу процестерін цифрлық шешімдер арқылы ұйымдастыруға ерекше назар аударылады.

3

Көлік дәліздері және халықаралық тасымалдар

Пән халықаралық көлік дәліздерін, транзиттік бағыттарды және халықаралық жүк тасымалдарын ұйымдастыруды зерттейді. Мультимодальды тасымалдар, құқықтық және кедендік реттеу, шекарааралық логистика мәселелері қарастырылады. Қазақстанның әлемдік көлік жүйесіндегі транзиттік әлеуетін талдауға ерекше көңіл бөлінеді.