Ардагерлер кеңесінің төрағасы: техника ғылымдарының докторы, профессор Амирханов Құмарбек Жүнісбекұлы
Мекен-жайы: Глинка көшесі, 20 А, бас ғимарат, 6- этаж, 602 кабинет
e-mail: aspirant57@mail.ru
Ұйымның негізгі мақсаты:
Университет ардагерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау арқылы ардагерлердің өмірінде туындайтын әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысу, университеттің жұмысын жетілдіруге белсенді жәрдемдесу және жас ұрпаққа рухани- патриоттық тәрбие беруге ат салысу
Міндеттері:
Білім алушыларды патриоттық және кәсіптік тәрбиелеу және жас қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауға адал көзқарасын қалыптастыру мақсатында ардагерлердің мол тәжірибесін кеңінен пайдалану;
Ұйым мүшелерін әлеуметтік және құқықтық қорғауды күшейту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, оларды университет басшылығының қарауына енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу;
Ұйым мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық-сауықтыру және мәдени-бұқаралық жұмыстарға қатысуды ұйымдастыру;
Жұртшылықты өз қызметі туралы үнемі хабардар ету, ұйымның мақсаттары мен міндеттері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Ұйым мүшелері, олардың құқықтары мен міндеттері:
Ұйымның мүшелері - зейнеткерлер, оның ішінде университетте жұмыс істеуші және бұрын істеген қызметкерлер мен ардагерлер.
Ұйым мүшелерінің құқығы:
ардагерлер кеңесіне сайлану және сайлау;
ұйым өткізетін барлық іс-шараларға қатысу;
университет қызметіне байланысты мәселелер бойынша Ғылыми кеңеске, КеАҚ Басқармасы мен Директорлар кеңесіне ұсыныстар енгізу;
ұйымның қызметіне қатысты кез келген мәселені талқылауға қатысу және ұсыныстар енгізу.
Ұйым мүшелерінің міндеттері:
ардагерлер туралы Ереженің талаптарын сақтау;
ұйымның жалпы жиналысы мен Ардагерлер кеңесінің шешімдерін орындау;
ұйымның қызметіне белсенді қатысу.
Қазақстан Республикасының ардагерлері туралы заң
Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңы 06.05.2020 ж. № 322-VІ ҚРЗ