AP09562413 "Абай шығармаларының қолжазбасы: тілдік тенденциялар тұрғысынан зерттеу"
Жоба жетекшісі
Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Scopus Author ID 57204595664, Orcid.org/0000-0003-0503-4640
Өзектілігі
Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Халық пен Абай тұтастығы мәңгілік.Сол елдің мәңгілігі тілдің мәңгілігімен ұштасып тұратынын анық. Бізге қолжазба күйінде жеткен Абай мұрасы замана өткен сайын тек әдеби талдауды ғана емес, тілдік мұра ретінде де талдауды қажет етеді. Аталған жобада Мүрсейіт қолжазбасын сол кездегі түпнұсқа орфографиялану принциптеріне сәйкес транскрипциялау көзделеді. Бұл өз кезегінде Абай шығармаларының әдеби мұра ғана емес, тілдік материал ретінде зерттеу объектісіне алынуына жол ашады. Абай дәуіріндегі қазақ орфографиясы мен орфоэпиясының түрлі заңдылықтарын, қазақ тіліне басқа тілдердің ықпалы мен ана тіліміздің даму тенденциясын көрсетуге
және зерттеуге септігін тигізеді.
Мақсаты
Абай шығармаларының Мүрсейіт қолжазбасын қайтадан транскрипциялау, 1910 жылғы нұсқасын басшылыққа ала отырып, 1905, 1907 жылғы нұсқаларымен салыстыра оқу, қолжазбаға тән емле ерекшеліктерін зерттеу, оның қазақ әдеби және жазба тілінің қалыптасуындағы рөлін айқындау мақсат етіледі.
Күтілетін нәтиже
− Қолжазба мәтініне тілдік жағынан жаңаша баға беріледі.
− Текстологиялық салыстырулар мен Абай шығармаларыныңбасқа да нұсқалары талданып, мақалалар жарияланады.
− «Абай шығармаларының қолжазбасы: тілдік тенденциялар тұрғысынан зерттеу» атты кітап жарық көріп, ғылыми айналымға ұсынылады.
Пайдалы сілтемелер
Жоба туралы
Сол кездегі жобалар
АР08956857 "Балдырларды және өсірілген хлорелланы ауыл шаруашылығы жануарларына биологиялық жемдік қоспа ретінде қолдану үшін ғылыми зерттеме жүргізу және практикалық іс-шараларды ұсыну"
Сейлғазина С.М. вет.ғ.к., профессор м.а., ORСID: 0000-0002-7...
AP08956966 "Етті және екіншілей шикізатты өңдеудің физикалық әдістерін пайдалана отырып, марал етінен жасалған диеталық өнімдер технологиясын жетілдіру"
Окусханова Э.К., PhD докторы Scopus Author ID 57074098400
AP08956937 "Интерполиэлектролитті комплекстер негізінде биоүйлесімді криогельдерді алу тәсілін әзірлеу"
Кливенко Алексей Николаевич, PhD доктор, ORCID.org/ 0000-000...
Байланыс
Ғылыми бөлім:
+7 (7222) 31-31-75
science@shakarim.kz