AP15473239 "Шығыс Қазақстан территориясында депортация үдерісі және олардың тарихи жадтағы көрінісі (1937-1956 жж.)"
Жоба жетекшісі
Жанкадамова Гульмира Акикатовна, ORCID ID - 0000-0003-3915-2303
Өзектілігі
1937-1956 жылдар аралығындағы Шығыс Қазақстандағы депортациялық процестердің тарихы осы уақытқа дейін кешенді зерттелмеген. Қазіргі уақытта отандық және шетелдік тарихнамада аталған тақырып бойынша жеке ғылыми еңбек жоқ. Жобаның маңыздылығы мен ғылыми әлеуеті оның этникалық депортация, арнайы қоныс аударушылардың күнделікті өмірі сияқты Қазақстан тарихының өзекті проблемалары бойынша болашақ зерттеулер үшін қажетті негіз қалауымен негізделген.
Жобаны әзірлеудің алғышарттары докторанттың диссертациялық зерттеуінде көрініс тапқан, 1937-1956 жылдардағы Шығыс Қазақстандағы депортациялық процестерді зерттеу бойынша жұмыс тәжірибесінен тұрады. Жоба тақырыбы бойынша отандық мұрағаттардағы, Барнаул қаласындағы мұрағат қорларындағы құжаттар мен материалдарды жинау және талдау жүргізілді.
Жобаны іске асыру барысында аталған тақырып бойынша жаңа мұрағаттық құжаттар анықталады. Жүйелендіруден кейін барлық материалдар мұқият дереккөздік талдаудан және салыстырмалы талдаудан өтеді.
Мақсаты
Әр ұрпақтың қабылдауы арқылы тарихи құжаттарда, жеке сипаттағы құжаттарда, ауызша естеліктерде көрініс табатын Шығыс Қазақстанға депортацияланған этностардың тарихи жадын зерттеу. Тарихи жады контекстінде жасампаздықты, гуманизмді, бірлікті қамтитын біріктіруші факторларды ең қайғылы оқиғалардан табуға болады.
Күтілетін нәтиже
- рецензиялаудан өткен және кемінде екі профессор ғылыми атағының және/немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің иегерлері жариялауға ұсынған постдокторанттың үлесі 6 б. п. кем емес 1 (бір) кем емес монография;
- рецензияланған шетелдік және (немесе) БҒСҚК ұсынған отандық басылымдарда 5 (бес) мақаладан және(немесе) шолулардан кем емес
- отандық және шетелдік мұрағаттардан табылған деректерді ғылыми айналымға енгізу;
- жобаның зерттеу тақырыбы бойынша республикалық және халықаралық конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысу;
- шетелдік ғалымдарды қатыстыра отырып зерттеу тақырыбы аясында «Диалогтік алаң» ұйымдастыру;
- университет базасында жобаның тақырыбы бойынша ғылыми семинар ұйымдастыру.
Қол жеткізілген нәтиже
2022
- Г.Жанкадамова, Б.Атантаева, Р.Ахметова, А.Карибаева. Неміс халқының Қазақстанға жер аудару тарихы ұрпақ естеліктерінде. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Тарих ғылымдары. Философия. Дінтану сериясы. No4(141)/2022. DOI: https://doi.org/10.32523/2616-7255-2022-141-4-37-4...
2023
- Г.Жанкадамова, Р.Ахметова, Б.Атантаева. Солтүстік Кавказдан Қазақстанға жер аударылғандардың тағдыры туралы мұрағаттық материалдар (Семей облысының мысалында). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих жәнесаяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы, No3(78), 2023. https://bulletin-histsocpolit.kaznpu.kz/index.php/...
- Г.Жанкадамова, Р.Ахметова, Г.Абенова. Шығыс Қазақстан аумағына депортацияланған халықтар арнайы қоныс режимі жағдайында. Вестник ЕНУ им. Л.Н.Гумилева. Серия: Исторические науки. Философия. Религиоведение. No3(144)/2023. DOI: https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-144-3-138-...
- Г.Жанкадамова, Б.Атантаева, Р.Ахметова. Ауызша тарих контекстіндегі Шығыс Қазақстандағы депортация процестері . КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы. No3(144)/2023. DOI:https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.07
- Г.Жанкадамова, Р.Оспанова , Т. Кариева. Шығыс Қазақстанға қоныстанған «сенімсіз халықтар» Отан тарихын зерттеу сегменті ретінде. ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы. No4(10)/2023.. https://doi.org/10.51943/2710-3994_2023_36_4_744-7...
Пайдалы сілтемелер
Жоба туралы
Сол кездегі жобалар
AP14973033 "Құрамында инкапсульденген пробиотикалық культуралары бар ішілетін йогурт технологиясын өндіру"
Джумажанова Мадина Муратовна, PhD, - жоба жетекшісі ORCID ID...
AP13068365 "Жер өңдеу машиналарының жұмыс органдарының бетін қауыттаудың ресурс үнемді әдісін әзірлеу"
Калитова Айсулу Аманжоловна, PhD, - жоба жетекшісі ORCID ID...
AP13068529 "Машина жасауда қолданылатын полимерлік материалдарды электронды-сәулелік модификациялау технологиясын жасау"
Мұхамедов Нұржан Еролұлы, PhD, - жоба жетекшісі ORCID ID - 0...
AP13068451 "Плазма-электролиттік тотықтау арқылы титан диоксидінің нанобөлшектері бар көпқызметті кальций-фосфатты қабылдауларды алу"
Алдабергенова Тамара Мустафаевна, PhD, - жоба жетекшісі ORCI...
AP13068020 "Шығыс Қазақстан облысының туристік және ерекше қорғалатын аумақтарына ГАЖ/ЖҚЗ технологияларын қолданып шекті жол берілген рекреациялық жүктемелерді анықтайтын әдістерді әзірлеу"
Мукаев Жандос Толеубекович., PhD, - жоба жетекшісі ORCID ID...
Байланыс
Ғылыми бөлім:
+7 (7222) 31-31-75
science@shakarim.kz