AP14869894 "Абай қарасөздерінің тезаурусы"
Жоба жетекшісі
Ердембеков Бауржан Амангельдиевич, филология ғылымдарының докторы, профессор, - жоба жетекшісі Scopus Author ID: 57204595664 ORCID: 0000-0003-0503-46
Өзектілігі
Абайды тану – өзіңді тану. Абай шығармасын қай дәуірде оқысақ та, әркім өз заманы сөз болып отырғандай қабылдайды. Алаш арыстары Абай мұрасына назар аудартып, абайтанудың негізін қалыптастырды, дегенмен де ақынның рухани мұрасын зерттеу әлі де өзекті мәселе. Себебі заман, қоғам жаңарды соған сай оқырманның да сұранысы, қабылдауы,пайымдауы өзгерді.
Уақыт озған сайын ол шығармаларды жас ұрпақтың түсінуі қиынға соғуда. Жүз елу жылдай бұрын хатқа түскен Абай қарасөздерін ХХІ ғасыр жастары бірден қабылдай алмайды, ақынның тілі күрделі, әрі шағатай, түрік, араб, парсы сөздері жиі кездеседі. Бұны шешудің жолы – Абай қарасөздерінің түпнұсқасын негізге ала отырып, әрбір сөзіне кешенді квинтэссенциялық талдау жасап, тезаурусын сөздігін құрастырып, оқырманға қарапайым тілде жеткізу.
Мақсаты
Қазақ елінің темірқазығы, бойтұмары Абай қарасөздерінің тілдік ерекшеліктерін сараптап, талдау арқылы Абайдың рухани мұрасын қазіргі қоғам өкілдеріне түсінікті, заманауи тұрғыдан кең көлемде насихаттау.
Күтілетін нәтиже
- Абай қарасөздерінің тезаурус сөздігін жариялау;
- Абай қарасөздерін ғылыми тұрғыдан кешенді зерттеу нәтижелері бойынша Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index индекстелетін немесе Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда 1 мақала; БҒСБҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және отандық басылымда 2 мақала әзірлеу;
- Жобаның зерттеу нәтижесі ретінде монографиялық еңбек әзірлеу;
- «Абай шығармаларының көпфункционалды Web-қосымшасын жобалау және құру» тақырыбындағы «Abaitanu.kz» сайтындағы қарасөздер бөлімін ғылыми жаңа, тың деректермен толықтыру.
Қол жеткізілген нәтиже
Зерттеу тақырыбы аясында республикалық және өңірлік деректер базасынан материалдар жинақталды. Турагул Абайұлының қолжазбасы кирилл әрпіне транслитерацияланды. Жинақталған материалдар негізінде ҒЖБМ БҒССҚК тізіміне енетін журналға мақаланың алғашқы нұсқасы әзірленіп, Керуен журналына беру жоспарланып отыр.
2022- Қасымова Ә.А., PhD, Смағұлова А.Т., ф.ғ.к., Ісбек Б., PhD АБАЙ ҚАРАСӨЗДЕРІНІҢ ТЕЗАУРУСТЫҚ ҚАБАТЫ // Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» республикалық ғылымитәжірибелік конференциясының материалдары – Семей: Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, 2022. – 213 б., ББ. 14-16.
- Ердембеков Б.А., Еспенбетов А.С., Смагулова А.Т. Абай қарасөздеріндегі адам мінездеріне тезаурустық талдау. // Еуразия гуманитарлық институтының ХАБАРШЫСЫ., № 2/2023, 283-296 ББ., DOI https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-2.21
- Касымова А.А., Тулебаева К.Т. Кадырова Б.М. АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ҚАРАСӨЗДЕРІНІҢ ТЕЗАУРУСТЫҚ СИПАТЫ. // Торайғыров университетінің Хабаршысы. ISSN 2710-3528, Филологиялық серия. № 2. 2023, 153-164 ББ. https://vestnik-philological.tou.edu.kz/storage/jo...
- Ердембеков Б.А., Гайнуллина Ф.А. Мир Абая. Учебник. – Алматы: Алгорифм. – 2023. – 396 с.
2024
- Смагулова А.Т., Еспенбетов А.С., Ердембеков Б.А. Шәкәрім поэзиясындағы текстология мәселелері. // Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы. №1(113)/2024. – Б. 119-124. https://doi.org/10.31489/2024ph1/119-127
- Ердембеков Б.А. Қазақ қоғамының Абай қарасөздеріндегі көрінісі. // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. №1(146)/2024. – Б. 150-158. https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view...
- Тулебаева Қ.Т. Абай қарасөздеріндегі білім-ғылым концептісін тезаурустық талду.//Еуразия гуманитарлық институтының ХАБАРШЫСЫ № 2/2024. – ББ. 160-169https://ojs.egi.kz/BULLETIN/article/view/546/223 .
- Ердембеков Б.А., Ісбек Б. АБАЙДЫҢ ӘДЕБИ ОРТАСЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР. // Абай журналы, 2024, №1 (30).
- Тулебаева К.Т., Касымова АБАЙ ҚАРАСӨЗДЕРІ: ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК.// Абай журналы, 2024, №1 (30).
Пайдалы сілтемелер
Жоба туралы
Сол кездегі жобалар
AP14973033 "Құрамында инкапсульденген пробиотикалық культуралары бар ішілетін йогурт технологиясын өндіру"
Джумажанова Мадина Муратовна, PhD, - жоба жетекшісі ORCID ID...
AP13068365 "Жер өңдеу машиналарының жұмыс органдарының бетін қауыттаудың ресурс үнемді әдісін әзірлеу"
Калитова Айсулу Аманжоловна, PhD, - жоба жетекшісі ORCID ID...
AP13068529 "Машина жасауда қолданылатын полимерлік материалдарды электронды-сәулелік модификациялау технологиясын жасау"
Мұхамедов Нұржан Еролұлы, PhD, - жоба жетекшісі ORCID ID - 0...
AP13068451 "Плазма-электролиттік тотықтау арқылы титан диоксидінің нанобөлшектері бар көпқызметті кальций-фосфатты қабылдауларды алу"
Алдабергенова Тамара Мустафаевна, PhD, - жоба жетекшісі ORCI...
AP13068020 "Шығыс Қазақстан облысының туристік және ерекше қорғалатын аумақтарына ГАЖ/ЖҚЗ технологияларын қолданып шекті жол берілген рекреациялық жүктемелерді анықтайтын әдістерді әзірлеу"
Мукаев Жандос Толеубекович., PhD, - жоба жетекшісі ORCID ID...
Байланыс
Ғылыми бөлім:
+7 (7222) 31-31-75
science@shakarim.kz