AP23488216 "Биологиялық белсенді заттарды жасау үшін биополимерлер мен нанобөлшектерді қолдана отырып хлорелла культурасын химиялық модификациялау технологиясын әзірлеу"

2024-2026 36 месяц

Жоба жетекшісі

Касымова Жанар Сайлаубековна, биология ғылымдарының кандидаты, доцент

Өзектілігі

Жобаның идеясы биополимерлерді (хитозан, натрий карбоксиметилцеллюлозасы) және нанобөлшектерді (темір мен күміс) пайдалана отырып, хлорелла өсірудің химиялық модификациясының инновациялық технологиясын әзірлеу болып табылады, бұл зертханалық және өндірістік жағдайларда биомасса өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоба экологиялық таза, аз шығынды, ресурстарды үнемдейтін ауылшаруашылық жануарлары мен құстарына арналған азық қоспасын, сондай-ақ биологиялық белсенділігі бар топырақ биотыңайтқышын және өсімдік тұқымдарының өміршеңдік бистимуляторын әзірлеуге арналған.

Мақсаты

Жемдік қоспалар, биотыңайтқыштар және өсу мен дамудың биостимуляторлары ретінде биологиялық белсенді заттарды (ББЗ) алу үшін биополимерлер мен нанобөлшектерді пайдалана отырып, хлорелла микробалдырларын өсірудің химиялық модификациялау технологиясын әзірлеу.

Күтілетін нәтиже

1) жабық фотобиореакторда хлорелла өсірудің физика-химиялық модификациясы жүргізіледі;

2) нанобөлшектерді (күміс және темір) және биополимерлерді (хитозан және натрий карбоксиметилцеллюлоза) қолдану арқылы хлорелла культурасының химиялық модификациясын зерттеу және биологиялық активті заттарға биохимиялық анализ орындалады;

3) зертханалық тәжірибелер жағдайында хлорелланың биологиялық активті заттарының топырақ құнарлылығына және көкөніс тұқымдарының өміршеңдігіне әсері зерттеледі;
4) "Приречное агрофирмасы" ЖШС ауыл шаруашылығы өндірісі жағдайында топырақ пен өсімдіктер тұқымын кешенді өңдеу техникасы әзірленеді;
5) хлорелла препаратының шығарылатын түрлеріне (түйіршіктер, таблеткалар, суспензия, паста) модификация жүргізіледі;
6) өсірілген хлорелланың химиялық модификациясының жануарлар мен құстардың өнімділігі мен иммунологиялық қасиеттеріне әсерін зерттеу үшін тағам рационына әртүрлі дозалары мен ББҚҚ нысандарын қолданудың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтары жүргізіледі;
7) әзірленген технология қолдану жөніндегі нұсқаулық әзірленеді;
8) 1 докторлық диссертация дайындалады, Science Citation Index Expanded-те индекстелетін және Web of Science дерекқорының тізіміне енгізілген импакт-факторы бойынша 1-ші (бірінші) және (немесе) 2-ші (екінші) квартильді және (немесе ) Scopus дерекқорында CiteScore кемінде 65 (алпыс бес) пайыз болатын рецензияланған ғылыми басылымдарда 2 мақала жарияланады, сондай-ақ ҒССҚК ұсынған отандық басылымдағы 1 мақала жарияланады.

Қол жеткізілген нәтиже

-

Барлық жобалар

Жоба туралы

Кезең: 2024-2026
Ұзақтығы: 36 ай
Категория: 1
Қосылған: 31.12.2024

Сол кездегі жобалар

AP22685400 "Сиырлар мен қойлардың жыныс мүшелерінің ауруларын анықтау және қолдан ұрықтандыру үшін эндовидеовагиноскопты әзірлеу және сынақтан өткізу"

Муратбаев Даулетбек Манарбекович, қауымдастырылған профессор...

AP22686708 "Капсулаланған биологиялық белсенді қоспалары бар сүт өнімдерінің тағамдық қауіпсіздігін бағалау және технологиясын әзірлеудің ғылыми-практикалық негіздері"

Мұратбаев Әлібек Манарбекұлы, PhD

AP22684340 "Тербелмелі шекарасы бар перфорацияланған облыстағы Гинзбург-Ландау комплексті теңдеуінің аттракторларының асимптотикасы туралы"

Төлеубай Алтын Мұқанқызы, жаратылыстану ғылымдарының магистр...

AP22688434 "Қазақ әдебиетіндегі мемуаристика: ХХ ғасыр басындағы мұраны кешенді зерттеу"

Заңғар Тілеуғазыұлы Кәрімхан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия...

AP22685422 "Мақсары майын өндіру тиімділігін жоғарылатуға арналған пресс жабдығын жетілдіру"

Мурсалыкова Майгуль Тауржановна, PhD – ORCID: 0000-0001-590...

Байланыс

Ғылыми бөлім:

+7 (7222) 31-31-75

science@shakarim.kz