AP23489475 «Шәкәрімнің Саятқорасы: тарихи және этно-археологиялық зерттеу»

2024-2026 36 ай

Жоба жетекшісі

Каримов Мухтарбек Карпыкович, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор

Өзектілігі

Саятқора кезеңі арқылы қажы өмірінің соңғы күндерінен ақпар беретін ауызша естеліктер мен этнографиялық мәліметтер, сондай-ақ отандық және арнайы архив қорларындағы Шыңғыстау көтерілісі мен 1920-30 жылдары қалыптасқан саяси үдерістерге қатысты құжаттарды зерделеу аталған жоба жұмысының негізгі өзегі ретінде қарастырылады.

Мақсаты

Шәкәрім өмірінің соңғы кезеңін тарихи және этно-археологиялық тұрғыда зерттеу, жоба аясында жинақталған ғылыми айналымға енгізілмеген ауызша деректер мен құжаттарды, материалдарды жаңа методологиялық ұстанымдар негізінде талдау.

Күтілетін нәтиже

Зерттеу аясында Шәкәрім өмірінің соңғы тұрақтарына археологиялық қазба жұмыстарын, этнографиялық зерттеулерді жүргізу, ел арасындағы естеліктерді, архив қорларындағы деректерді жинау, оларды жүйелеуді және сараптауды іске асыру нақты нәтижелерге қол жеткізілуі үшін қажет. Біріншіден, кешенді зерттеулердің нәтижесінде зерттеу нысанын толық қамтитын монографияға қажетті материалдар жиналып, реттеледі. Екіншіден, ойшылдың өмір сүрген тұрақ-мекендерінің болашақта туристік бағыттағы нысандарға айналуына алғышарт жасалады. Үшіншіден, мемлекет тарапынан қорғалатын мәдени-тарихи ескерткіштер қатарына алынатын нысан ретінде, оған қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу ұсынылады. Төртіншіден,  ҒЖБССҚК бекітілген журналдарға 4, СКОПУС базасына кіретін басылымдарға 2 мақала ұсынылады. Бесіншіден, қажы өмірінің соңғы кезеңіндегі тұрақтарға археологиялық зерттеулер жүргізіледі. Алтыншыдан, зерттеу барысында араб графикасында жазылған бұрын зерттелмеген архив материалдарына талдау жасалынады. Жетіншіден, оқиға куәгерлерінің ұрпақтарымен сұхбат жүргізу арқылы алынған фактологиялық материалдар ғылыми айналымға енгізіледі.

Қол жеткізілген нәтиже

-

Ғылыми топ

Каримов Мухтарбек Карпыкович

«Шәкәрім университеті» КеАҚ

«Тарих» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты

Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы

«Шәкәрім университеті» КеАҚ

Шәкәрім музейінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты

Рахметуллин Еркин Ерланович

«Шәкәрім университеті» КеАҚ

«Тарих және археология» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, магистр

Жунисханов Айдын Сенгалиевич

Назарбаев университеті, Түркітану және қазақ-тілі департаменті, оқытушы ассистенті

Даутова Алма Фазылагзамовна

«Шәкәрім университеті» КеАҚ

«Тарих» кафедрасының оқытушысы, магистр

Ботабекова Айжан Рымбековна

«Шәкәрім университеті» КеАҚ

«Тарих» кафедрасының оқытушысы, магистр

Насыров Мадияр Газинурович

«Шәкәрім университеті» КеАҚ

«Тарих және археология» ғылыми-зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері

Байтусов Нуржан Мейзханович

Абай ауданының білім бөлімі «Шәкерім атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәнінің ұстазы

Барлық жобалар

Жоба туралы

Кезең: 2024-2026
Ұзақтығы: 36 ай
Категория: 1

Сол кездегі жобалар

AP22685400 "Сиырлар мен қойлардың жыныс мүшелерінің ауруларын анықтау және қолдан ұрықтандыру үшін эндовидеовагиноскопты әзірлеу және сынақтан өткізу"

Муратбаев Даулетбек Манарбекович, қауымдастырылған профессор...

AP22686708 "Капсулаланған биологиялық белсенді қоспалары бар сүт өнімдерінің тағамдық қауіпсіздігін бағалау және технологиясын әзірлеудің ғылыми-практикалық негіздері"

Мұратбаев Әлібек Манарбекұлы, PhD

AP22684340 "Тербелмелі шекарасы бар перфорацияланған облыстағы Гинзбург-Ландау комплексті теңдеуінің аттракторларының асимптотикасы туралы"

Төлеубай Алтын Мұқанқызы, жаратылыстану ғылымдарының магистр...

AP22688434 "Қазақ әдебиетіндегі мемуаристика: ХХ ғасыр басындағы мұраны кешенді зерттеу"

Заңғар Тілеуғазыұлы Кәрімхан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия...

AP22685422 "Мақсары майын өндіру тиімділігін жоғарылатуға арналған пресс жабдығын жетілдіру"

Мурсалыкова Майгуль Тауржановна, PhD – ORCID: 0000-0001-590...

Байланыс

Ғылыми бөлім:

+7 (7222) 31-31-75

science@shakarim.kz