AP22686364 «Қазақстанда органикалық етті мал шаруашылығына өтуге фермерлердің дайындығы мен мінез-құлық аспектілерін зерттеу»
Жоба жетекшісі
Дулатбай Ерасыл Алтайұлы, PhD, постдокторант
Өзектілігі
Қазақстанда органикалық ет өндірісіне қызығушылық өсіп келеді, алайда фермерлердің бұл жүйеге көшуіне әсер ететін мінез-құлықтық және экономикалық факторлар толық зерттелмеген. Осыған байланысты фермерлердің органикалық өндіріске дайындығын анықтау өзекті болып табылады.
Мақсаты
Бұл жобаның мақсаты фермерлердің органикалық етті мал шаруашылығына көшуге дайындығы мен мінез-құлық аспектілеріне әсер ететін факторларды анықтау және фермерлерге органикалық мал шаруашылығы технологиясын қолдану бойынша ұсынымдар мен органикалық ауыл шаруашылығын дамытуды ынталандыру шараларын әзірлеу болып табылады.
Күтілетін нәтиже
1. Қазақстандағы органикалық мал шаруашылығының ағымдағы жай-күйі бағаланады: Қазақстандағы органикалық мал шаруашылығының қазіргі жай-күйіне жан-жақты талдау жүргізіледі, оның әлеуеті бағаланады, географиялық орналасуын, климатын, жайылымдары мен жем өндіру құралдарын, сондай-ақ жем өндіру үшін қолайлы жағдайларды ескере отырып, кедергілер мен бірегей артықшылықтар айқындалады.
2. Фермерлердің органикалық мал шаруашылығымен айналысуға дайындығы мен мінез-құлық аспектілеріне әсер ететін факторлар, соның ішінде көзқарас, әлеуметтік нормалар және мінез-құлықты бақылау анықталады.
3. Органикалық мал шаруашылығын дамытудағы кедергілер мен тәуекелдер анықталатын болады: Қазақстандағы органикалық ауыл шаруашылығы секторында кәсіпкерлердің алдында тұрған кедергілер, оның ішінде инфрақұрылымға, технологияларға, сертификаттауға, маркетингке, логистикаға және заң нормаларына байланысты проблемалар анықталатын және бағаланатын болады.
4. Органикалық өндіріске көшу процесінде етті мал шаруашылығы өнімдерін өндіруші фермерлердің мінез-құлық моделі әзірленетін болады, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық факторлардың фермерлердің органикалық өндіріс технологияларын енгізу ниеттеріне әсерін бағалау.
5. Органикалық мал шаруашылығын ынталандырудың практикалық шараларын ұсыну. Зерттеу нәтижелері негізінде Қазақстанда органикалық мал шаруашылығын ынталандыру, оның ішінде Үкімет тарапынан қолдау көрсету, ақпараттық кампаниялар, субсидияларды кеңейту және фермерлерді ауыл шаруашылығында органикалық өндіріс технологияларын енгізуге ынталандыру үшін көтермелеу үшін практикалық шаралар мен ұсынымдар ұсынылатын болады.
- 2 (екі) Web of Science дерекқорында импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартилден немесе Scopus дерекқорында citescore бойынша кемінде 50 процентилі бар Scopus журналдарда мақала жарияланады;
- Рецензиялаудан өткен және кемінде екі профессор ғылыми атағының және/немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің иегерлері жариялауға ұсынған 6 баспа беттен кем емес 1 (бір) монография;
- 2 (екі) ККСОН ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымдарда мақала жарияланады.
Қол жеткізілген нәтиже
-
Ғылыми топ
Есенғалиева Салтанат Мутиголлақызы
PhD экономика ғылымдарының кандидаты (РФ)
Пайдалы сілтемелер
Жоба туралы
Сол кездегі жобалар
AP22685400 "Сиырлар мен қойлардың жыныс мүшелерінің ауруларын анықтау және қолдан ұрықтандыру үшін эндовидеовагиноскопты әзірлеу және сынақтан өткізу"
Муратбаев Даулетбек Манарбекович, қауымдастырылған профессор...
AP22686708 "Капсулаланған биологиялық белсенді қоспалары бар сүт өнімдерінің тағамдық қауіпсіздігін бағалау және технологиясын әзірлеудің ғылыми-практикалық негіздері"
Мұратбаев Әлібек Манарбекұлы, PhD
AP22684340 "Тербелмелі шекарасы бар перфорацияланған облыстағы Гинзбург-Ландау комплексті теңдеуінің аттракторларының асимптотикасы туралы"
Төлеубай Алтын Мұқанқызы, жаратылыстану ғылымдарының магистр...
AP22688434 "Қазақ әдебиетіндегі мемуаристика: ХХ ғасыр басындағы мұраны кешенді зерттеу"
Заңғар Тілеуғазыұлы Кәрімхан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия...
AP22685422 "Мақсары майын өндіру тиімділігін жоғарылатуға арналған пресс жабдығын жетілдіру"
Мурсалыкова Майгуль Тауржановна, PhD – ORCID: 0000-0001-590...
Байланыс
Ғылыми бөлім:
+7 (7222) 31-31-75
science@shakarim.kz