Лауазымдық бос орынға конкурс жариялау 18.05.2023
Опубликовано: 18.05.2023
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» Коммерциялық
емес акционерлік қоғамы лауазымдық бос орынға конкурс жариялайды:
Ішкі аудит қызметінің басшысы -1 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар:
1) экономика, қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржылық менеджмент және/немесе қаржы және кредит салаларындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, құқықтану саласында мүмкіндігінше қосымша білімі бар;
Начало формы
Конец формы
2) аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласындағы жұмыс өтілі - кемінде 5 жыл;
3) басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі өтілі - кемінде 2 жыл;Начало формы
Конец формы
4) Қазақстан Республикасының, оның ішінде аудиторлық қызмет, Бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін білу;
5) мынадай куәліктердің немесе сертификаттардың бірінің міндетті түрде болуы: қосымша арнайы даярлығы, атап айтқанда «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған «Аудитор», «Мемлекеттік аудитор» біліктілік куәлігінің, CIA (Certified Internal Auditor) ішкі аудит саласындағы сертификатының және/немесе ACCA (Association of Certified Chartered Accountants) алқаби бухгалтерінің сертификатының және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіби бухгалтер сертификатының және/немесе DipIFR (Diplomain International) дипломының болуы, және/немесе CIPA (Certified International Professional Accountant) халықаралық кәсіби бухгалтерінің сертификатын және/немесе dipPIA (Diplomain Proffessional Internal Auditor) дипломы болғаны жөн;
6) шет тілдерін білгені жөн.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- конкурсқа қатысуға өтініш;
- кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
- өмірбаян;
- жеке куәлік көшірмесі;
- жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже, ғылыми атағы туралы (бар болса) дипломдардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалары);
- қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
- жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
- №075-у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Құқықтық статистика комитеті беретін есептер және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есептері бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
Қосымша шарттар: Ішкі аудитор қызметіне басшы лауазымына үміткер ішкі аудитор қызметінің ағымдағы жылға жұмыс жоспарын ұсынуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жрияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады
Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ-ның Корпоративтік хатшысына ұсыну қажет. Семей қ. Глинки көшесі, 20 А, каб. 307, қызмет. тел.: 8 (7222) 31-31-72, ұялы тел.: 87079931301