«ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ – 2022» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

20 май 2022конференция, шәкәрім оқулары

Бүгін қара шаңырақта «SHAKARIM FORUM: жоғары білімдегі жаңа көкжиектер» форумы аясында дәстүрлі «Шәкәрім оқулары – 2022» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция қонақтары мен қатысушылары арасында бауырлас түрік елінің ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, қала әкімдігі, университеттің құрылымдық бөлім басшылары мен студенттері, сондай-ақ Шәкәрімнің жиен-шөпшектері Еңсеханова Қайыртай мен Уақбаева Құралай және Шәкәрім...

Подробнее

ШЕШЕНДІК ӨНЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ДӘРІСХАНА

20 май 2022кабинет, шәкәрім оқулары

Ауқымды форумның екінші күні қонақтардың Шәкәрім ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. «SHAKARIM FORUM: жоғары білімдегі жаңа көкжиектер» форумы аясында "Ақтайлақ би атындағы шешендік өнер" дәрісханасының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты жиынға университет басшылығы, Түркия Республикасының және отандық жетекші ғалымдары, қаланың зиялы қауым өкілдері қатысты. Алғы сөз алған Басқарма төрағасы –...

Подробнее

«ОЙШЫЛДАР ЕЛІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСКУРСИЯСЫ

19 май 2022студенты

2022 жылдың 19 мамырында #ShakarimForum2022 шеңберінде Инженерлік-технологиялық факультетінде «ОЙШЫЛДАР ЕЛІ» экологиялық экскурсиясы өтті. Іс-шараға «Химиялық технология және экология» кафедрасының оқытушылары, білім алушылары және университет қонақтары қатысты. Қарауыл аулындағы «Абай елі» газетінің тілшісі, Шәкәрім мұрасын зерделеуші Әсет Мырзақасымұлы бейнеүндеуінде ұлы ойшыл, тарихшы, философ, сазгердің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оның өмір жолы...

Подробнее

АМАНТАЙ МҰҚАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЗАМАНАУИ КАБИНЕТ

19 май 2022форум

Бүгін Шәкәрім университетінде #ShakarimForum аясында «Құрмет» орденінің иегері, университет түлегі Амантай Мұқатаев атындағы мамандандырылған қой шаруашылығы кабинетінің салтанатты ашылуы өтті. Ашылу рәсімі Семей зооветеринарлық институтының 70 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Шараға университет басшылығы, Абай ауданының әкімдігі, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, ЖОО білім алушылары және ауыл шаруашылығы...

Подробнее

ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІНІҢ АРТ-СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ

19 май 2022шәкәрім оқулары, форум

Бүгін Шәкәрім университетінде #ShakarimForum-ның аясында Нұрбұлан Өтепбаевтың өнер студиясы ашылды. Нұрбұлан Нұғманұлы – ҚР Суретшілер және дизайнерлер Одағының мүшесі, танымал қылқалам шебері. Оның шығармашылық еңбектері ҚР Әділет министрлігінің интеллектуалды және меншік комитетінде тіркелген. Көркемдеуші-суретші ретінде 15 кітаптың көркемдеуші авторы. Өнер студиясының негізгі мақсаты - балаларды бейнелеу өнерінің сауаттылығының негіздеріне үйрету...

Подробнее

SHAKARIM FORUM: «ШЫҒЫС ЖЫРЫ» ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ

19 май 2022шәкәрім оқулары

Бүгін Шәкәрім университетінде Shakarim Forum: жоғары білімдегі жаңа көкжиектер форумы аясында «Шығыс жыры» атты аймақтық жыр мүшәйрасы өтті. Мүшәйраның негізгі мақсаты – гуманист, кемеңгер ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған өлеңдер мен арнауларын оқыған дарынды жастарды анықтау, қолдау көрсету. Жыр додасына Абай, Тарбағатай, Жарма аудандары, Семей қаласының мектеп...

Подробнее

«ШӘКӘРІМ - ART» ҚОЛӨНЕР ЖӘНЕ ДИЗАЙН БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

19 май 2022шәкәрім оқулары, байқау

«Shakarim Forum» аясында шығармашылық мамандықтар арасында «Шәкәрім - ART» қолөнер және дизайн байқауының қорытынды туры өтті. Ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту және университет миссиясын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған сайысқа шығармашыл студенттеріміз 50-ден астам туындыларын ұсынды. Ақтық мәреге 5 қатысушы жолдама алды. Алғы сөз алған университет басшысы Бауыржан Ердембеков форум аясында бірқатар шаралар...

Подробнее

АР ІЛІМІ ‐ РУХАНИ ТАЗАРУ ЖОЛЫ

19 май 2022шәкәрім оқулары

Бүгін Гуманитарлық-экономика факультетінде #ShakarimForum аясында «Ар ілімі бүгінгі қоғам контекстінде» тақырыбында панельдік талқылау өткізілді. Талқылауға шақырылған қонақтар, профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар мен докторанттар Шәкәрім қажының өмірлік ұстанымдары, Абай мен Шәкәрім ілімдерінің сабақтастығы, адамгершілік құндылықтары және Шәкәрімнің құқықтық көзқарастарына қатысты ойларымен бөлісті. Шәкәрім шығармашылығында қазақтың сол кезеңдегі жай-күйі ғана емес, елінің болашағы...

Подробнее

«ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ: ІЗДЕНІС ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ

19 май 2022форум

«SHAKARIM FORUM: жоғары білімдегі жаңа көкжиектер» форумы аясында «Шәкәрім шығармаларын оқыту: ізденіс және тәжірибе» тақырыбындағы тәжірибе алаңы өтті. Тәжірибе алаңына Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Алматы, Қарағанды, Семей қалаларының, Абай ауданының мектеп мұғалімдері қатысып, қазақ әдебиетін оқыту, Абай, Шәкәрім, М.Әуезов шығармаларын оқытудағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қоса, оқушылардың ғылыми ойлау дағдыларын дамытып,...

Подробнее

АУҚЫМДЫ ФОРУМНЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІНДЕ «ШӘКӘРІМ-AGRO» АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

19 май 2022жәрмеңке, ярмарка

Бүгін Шәкәрім университетінде «Shakarim Forum: жоғары білімдегі жаңа көкжиектер» форумы аясында шығыстың үздік шаруашылықтарынан әкелінген «Шәкәрім-Agro» азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге өңірдің 20-ға жуық шаруа қожалықтары мен кәсіпорын, цехтары қатысты. Серіктестеріміздің ішінде «Шалабай», «Қалиқанұлы» шаруа қожалықтары, Агрофирма «Приречное», «KONDIZ» кондитерлік фабрикасы, «Дария» шұжық цехы, «Семнан», «Ақшың», «Арай», «Прииртыш бройлер құс...

Подробнее