Мектеп оқушысын жастайынан бейімі мен қабілетіне сай белгілі бір кәсіпке, мамандыққа бағыттау, кәсіби бағдарлау, кеңес беру – аса маңызды іс. Өйткені тек өз мамандығын, қызметін дұрыс таңдаған адам ғана келешекте өз ісін сүйіспеншілікпен атқарып, өзіне де, отбасына да, қоғамға да пайда әкелетіні, өзі де бақытты болатыны сөзсіз.
Ерте кәсіптік бағдар...
Мемлекет жоғары білім беру саласының әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндетін алға тартып, ЖОО техникалық бағыттағы мамандықтарға көбірек назар аудару қажеттігін назарға алуда. Аталған бағытта Шәкәрім университеті қала мектептері, ЖОО мен кәсіпорындар арасында «Үштік оқыту моделі» жобасын іске асыруда.
Шәкәрім университетінің делегациясы «Семей инжиниринг» ЖШС бірлесіп, Семей қаласының №9 жалпы...
Шәкәрім ауылы Ұлыстың Ұлы күнінде қала жұртшылығына есігін айқара ашты. Білім ордасы облыс тұрғындарына көктем шуағын сыйлап, Наурыз мейрамын дүркіретіп өткізді.
Жиында рухани-танымдық іс-шаралар кешені ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Шәкәрім заманының жәдігерлер көрмесі, аруақты батырдың бірі – бүкіл Орта жүзге аты мәлім Тоқтамыс Лақаұлының құнды деректер топтамасы бұқара халыққа ұсынылды. Көрменің...
Шәкәрім университетінің ауыл мен қала арасындағы рухани көпір атанған «Шәкәрім керуені» жобасы аясында университет басшысы Думан Орынбеков бастаған жұмыс тобы Қайнар ауылындағы С. Бегалин атындағы орта мектепке барып, жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Айта кететін жайт, университет ректоры Думан Орынбеков аталған мектептің түлегі болғандықтан, «Ұстаздар күні» мерекесіне...
Өңірдегі кадрлар тапшылығын жою, білікті мамандар даярлау және мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында бүгін Шәкәрім университетінде «Open day of Shakarim University» іс-шаралар кешені бастау алды. Білім ордасының оқытушылары Абай облысы мектептерінің 600-ге жуық оқушыларына сұранысқа ие мамандықтар туралы әңгімеледі.
Мектеп бітіруші түлектермен кездесу барысында университет ректоры Думан Орынбеков шараның негізгі...
Бүгін Шәкәрім университетінің Кәсіптік бағдар беру және қабылдау комиссиясы бөлімінің ұйымдастыруымен Шәкәрім жоғары колледжі білім алушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – мамандық бойынша жоғары білім алу ерекшеліктерін түсіндіру.
Шара барысында университет өкілдері колледж түлектеріне жоғары оқу орындарына түсу ерекшеліктері, құжаттарды қабылдау, жұмысқа орналасу және қосымша білім...
Мамандық таңдау – бұл әр адамның ересек өмірін анықтайтын қадам. Қандай мамандықты таңдау керек? Қандай мамандық болашақта сұранысқа ие болады? Әрине, жасөспірімге бұл сұрақтарға жауап беру қиын. Өйткені ол мамандық әлемімен таныс емес және өмірінде ешқашан жұмыс істеп көрмеген. Edunavigator кәсіптік бағдар беру платформасының көмегімен болашақ маман өзінің архетипі мен...
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Ұлттық Құрылтайда Мақаншы ауданын қайта құру бойынша бастама көтерген болатын. Осы ретте, ғасырға жуық тарихы бар Shakarim University арнайы «Шәкәрім керуені» кешенді жобасы аясындағы сапарды қайта жанданған Мақаншы ауданынан бастады. Мақаншы жері – қазақтың дарабоз батыры Қабанбайдың ұрпақтары қоныстанған, Әсет пен Әріп сияқты ақын-әншілерді тарих сахнасына шығарған,...