Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі09 мамыр 2022поздравление, профсоюз

АРДАГЕРЛЕРІМІЗ – АРДАҚТЫЛАРЫМЫЗ

9 мамыр - жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Мереке қарсаңында университет басшылығы қара шаңырақта ұзақ уақыт бойы қажырлы еңбек атқарған тыл ардагерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап қайтты.
Сұрапыл соғыс жылдарында 60-қа жуық Шәкәрімдік қан майданның алдыңғы шебінде жүрді. Бүгінгі таңда білім ордасында 7 тыл ардагері, 2 теңестірілген ардагер бар.
Құттықтау барысында басшылық ортамызда жүрген қарияларымызға жан-жақты қолдау көрсету, үлкендерді құрметтеу - мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екендігін сөз етті.