Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі11 қазан 2021кездесу, тарихшылар

БОЛАШАҚ ТАРИХШЫЛАР БЕЛГІЛІ АРХЕОЛОГПЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шәкәрім шаңырағында белгілі тарихшы, ғалым, археолог, профессор Исин Амантай Исаұлымен кездесу өтті. Тағылымды кездесуге «Тарих және құқық» кафедрасының студенттері, магистранттары, докторанттары мен қалалық, аудандық мектеп мұғалімдері қатысты.

Университет профессорының Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің арнайы шақыруымен ұйымдастырылған тарихи-мұрағаттық жоба аясындағы бір апталық іс-сапары жайлы алдыңғы аптада жазған болатынбыз https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=604268097421377&id=100035145771446. Ғалым аталмыш сапарында көргені мен түйгенін кездесу сұхбатына арқау етті.

Жастар зерттеушінің сапарына қатысты қызықты әңгімелерін тыңдап, бірқатар сұрақтарын қойды.

Исин Амантай Исаұлы Абыралы өңірі, Қайнар ауылының тумасы. Бірнеше монографиялық еңбектің, жүзге жуық ғылыми мақалалардың авторы. Орта ғасырлық шығыс және орыс деректері негізінде Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасының тарихын зерттеп, Мәскеудегі көне деректер мұрағаты қорындағы қазақ тарихына қатысты мәтіндерді жарыққа шығарған.