БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

06 март 2023құттықтау, университет қызметкерлері

Бүгін Шәкәрім университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков Инфрақұрылымды басқару бойынша департаменті қызметкерлерін Арулар мерекесімен құттықтады. Жиында университет басшысы оқу орнының материалдық-техникалық базасының нығаюына ықпал еткен бірқатар қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады. Шара барысында Бауыржан Аманкелдіұлы департамент қызметкерлеріне зор денсаулық, толағай табыс тіледі.

Подробнее

«ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

07 февраль 2023құттықтау, профессор-оқытушылар құрамы

Шәкәрім шаңырағында филология ғылымдарының кандидаты, профессор Тоқсамбаева Айман Омарқанқызының 60 жас мерейтойына арналған «Ғалымның хаты өлмейді» атты шығармашылық кеш өтті. Тоқсамбаева Айман Омарқанқызы университетіміздің еңсесін биік көтеріп, ғылым жолында өлшеусіз еңбек сіңірген, шәкіртерінің бойына дарын түлеткен ұстаз. «Айман Омарханқызы университет қабырғасында жұмыс істеген кезде тыңбай еңбек етті. Бірнеше оқулықтары жарық...

Подробнее

ДИССЕРТАЦИЯНЫ СӘТТІ ҚОРҒАУМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

06 февраль 2023құттықтаймыз, поздравляем, диссертация, юнеско

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасың докторанты МУРЗАЛИМОВА АСЕЛЬ КАБДЫГАЛИЕВНА «6D060800-Экология» мамандығы бойынша «Геоақпараттық жүйелерді қолданып иондаушы сәулелердің радиоэкологиялық әсеріне мониторинг жүргізу (Сарапан және Жанан қыстақтары мысалында)“ тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін іздену диссертациясын өте жоғары деңгейде қорғады. Отандық ғылыми кеңесшілері: Мамұтов Жекен Үмбетқұлович, биология ғылымдарының...

Подробнее

БАЛУАНДАРЫМЫЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

15 январь 2023құттықтаймыз, шәкәрімдіктер, жас спортшылар, қазақ күресі

Аягөз қаласында қазақ күресінен жастра мен жасөспірімдер арасындағы Абай облысының чемпионаты өз мәресіне жетті. Екі күн қатарынан өткен байрақты бәсекеде Шәкәрім шаңырағының қанжығасы майланды. Жарыс қорытындысы бойынша, медаль саны жөнінен шәкәрімдік балуандар 3 алтын, 5 күміс және 1 қоламен көш бастады. Ерлер арасында: 1 орын – Қуаныш Мақсұтов; 1 орын...

Подробнее

УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІНІҢ ҚОС ЖЕҢІСІ

19 декабрь 2022құттықтаймыз, білім алушы, самбо

Шәкәрім университетінің студенті Мағжан Жұмашев қос бірдей жарыста жеңімпаз атанды. Абай облысында “Semey Open” кәсіпқой аралас жекпе-жектен облыстық ашық турнир өтті. Турнирге 150-ден астам спортшы қатысты. Мағжан жарыста оқ бойы озып шығып, 83,9 кг салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырынан көрінді. Самбо және жауынгерлік самбодан “Қазақстан кубогы Қабанбай батыр мемориалы” жарысы ұйымдастырылды....

Подробнее

УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІНЕ СӘТТІЛІК!

13 декабрь 2022білім алушы, жас спортшылар, сәттілік тілейміз!

Шәкәрім университетінің студенті Алтынбек Қалмақбаев 14 желтоқсан күні қазақ күресінен әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын болады. Жарысқа әлемнің 40 елінен 350-ден астам балуан қатысады. «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушылары, халықаралық дәрежедегі төрешілер Айбек Жұманбаев пен Болат Ақжігітов әлем чемпионатында төрелік етеді. Байрақты бәсекені INSPORT ютуб каналынан көре аласыздар. Ертең...

Подробнее

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ЕРАСЫЛ БОКСТАН ЧЕМПИОН АТАНДЫ

12 декабрь 2022кездесу, құттықтаймыз, білім алушы

Павлодар қаласындағы «Баянтау» спорт сарайында бокстан ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Шәкәрім университетінің студенті Ерасыл Жакпеков 80 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Басқарма төрағасы Бауыржан Ердембеков студентті жеңісімен құттықтап, сәттілік тіледі. Ерасылдың айтуынша, байрақты бәсекеге әр өңірден 216 былғары қолғап шеберлері қатысты. «Чемпионатқа мен ұзақ дайындалдым. Мені қолдап, маған...

Подробнее

ШӘКӘРІМДІКТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

06 декабрь 2022гэф, құттықтаймыз, білім алушылар

Астана қаласы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Аудит пен есептің халықаралық стандарттарын енгізу проблемалары, қолдану тәжірибесі" атты халықаралық олимпиадаға "Экономика және қаржы" кафедрасының студенттері қатысты. Олимпиада жетекшілері PhD докторы М.С Искакова мен э.ғ.к. Л.З.Паримбекованың айтуынша, студенттер эссе жазып, тесттерге жауап берді. Есептер шығарып, мамандық туралы бейне байқауға қатысты. Тартысты шараға...

Подробнее

МЕРЕЙЛІ МЕРЕЙТОЙ ИЕСІ

21 ноябрь 2022құттықтаймыз, мерейтой, университет басшысы

Бүгін Басқарма төрағасы Бауыржан Ердембеков оқу орнында ұзақ жылдар бойы жемісті қызмет атқарған Күлкен Жетпісбайқызын 60 жас мерейтойымен құттықтады. Күлкен Жетпісбайқызы оқу орнында 1989 жылдан бастап қызмет атқарады. Жоғары білім сапасының артуына қомақты үлес қосып жүрген білікті маман.  Университет ұжымы атынан мерейтой иесіне қажымас қайрат, баянды ғұмыр, ортаймас бақ-ырыс тілейміз!

Подробнее

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ЖӘНЕ ҚАРЖЫГЕРЛЕР КҮНІ

15 ноябрь 2022құттықтаймыз, валюта және қаржы күні

1993 жылы дәл осы күні теңге ресми айналымға енген болатын. Ал, 1997 жылы Тұңғыш Президент жарлығымен бұл күн әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. Ең алғашқы төл теңгемізде қазақтың ұлы ойшылдары, күйші-ақындары мен хандарының бейнесі бейнеленгені есімізде. Кейіннен жаңа үлгідегі банкноттар бірыңғай стильде жасалды. Айта кетейік, Қазақ валютасы ерекше дизайнымен түрлі...

Подробнее