Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі12 ақпан 2022спорт, студенттер

ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы. Осы орайда Шәкәрім жоғары колледжінің ұжымы осы аптадағы кесте бойынша өткізілетін дене шынықтыру сабағын арнайы шаңғы базасында өткізді. 

Әр курс бойынша спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды.

««Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз»,- дейді ұйымдастырушылар.

 

Шәкәрім жоғары колледжі