Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі12 сәуір 2024ғылым, құттықтау

ҒЫЛЫМ КҮНІ!

ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Бүгін еліміздегі Ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Мерекелік күннің 12-сәуір деп бекітілуінің себебі – дәл осы күні халқымыздың ұлы перзенті, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалап, тұңғыш президенті болған терең білімді ғалым-геолог, ұлт мақтанышы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні.
Құрметті әріптестер!
Ғылым саласы қызметкерлері күні мерекесімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, ғылыми ізденістеріңізге табыс, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.
 

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы