Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі26 мамыр 2023спорт, құттықтаймыз, студенттеріміз мақтанышымыз, азия чемпионы

РОЗА НЫСАНТАЙҚЫЗЫ – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Шәкәрім университетінің студенті Роза Нысантайқызы Өзбекстан елінің Джиззак қаласында өткен Азия чемпионатында қазақ күресінен I орынға ие болып, алтын жүлдені қанжығасына байлады.
Чемпионатқа 11 мемлекеттен 200-ге жуық татами шеберлері қатысты. Спортта тағы бір белесті бағындырған Роза маусым айында Ақтау қаласында өтетін жазғы универсиада да бағын сынайтын болады. Розамыздың асығы алшысынан түссін!
Еліміздің намысын әлемдік деңгейде қорғап жүрген үздік студенттің бапкері, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы Айбек Жұманбаевты және барлық шәкәрімдіктерді Розаның жеңісімен құттықтаймыз!
Алға Роза!