Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі02 наурыз 2022поздравление, құттықтау, үздік жоо оқытушысы

ШӘКӘРІМДЕ 2021 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шәкәрім университетінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шара университет басшысы Бауыржан Ердембековтың алғы сөзінен басталды. Басқарма төрағасы-Ректор жеңімпаздарды Алғыс хатпен марапаттап, төсбелгі табыстады.
Айта кетейік, байқауға біздің университет атынан 8 оқытушы қатысып, олардың 7-і үздік танылды.
«Үздік оқытушыларды» университет ұжымы атынан жетістіктерімен құттықтай отырып, білім, ғылым жолындағы еңбектеріне зор табыс тілейміз!