Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі29 қыркүйек 2021кездесу

УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫСЫ БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шәкәрім университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Б.Ердембеков пен белсенді студент жастар арасында «TED TALKS» форматында кездесу өтті.

Белсенді жастар үшін кездесу – университет басшысымен еркін пікір алмасуға үлкен мүмкіндік.
Кездесу аясында студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары атқарылған жұмыстардың тізімін баяндады.

Басқарма төрағасы университетте ғылым мен білімді дамытуға барлық жағдай жасалғандығын айтып өтті. Шәкәрімдіктер брендін дамытып , университетке лайық имидж қалыптастырып отырған студенттерге алғысын айтты.

Іс-шара барысында көптеген тақырыптар қозғалды: университет миссиясы, білім беру үдерісінің сапасына баға беру, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру. Студенттердің ғылыми қызметіне ерекше көңіл бөлінді. Бірде бір сұрақ ректордың назарынан тыс қалмады.

Кездесу ашық диалог түрінде өтті. Студенттік ұйымдардың қызметін жақсарту мен стратегияларын дамыту бойынша 2021-2022 жж. арналған жобалар талқыланып, пікір алмасу болды. Сонымен қатар университет басшысы жеңімпаз студенттерімізді алғыс хатпен марапаттады.

Белсенді жастар Басқарма төрағасы – Ректор Бауыржан Аманкелдіұлына студенттердің барлық бастамаларына қолдау көрсетіп отырғанына алғыс білдірді.