Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі19 желтоқсан 2022құттықтаймыз, білім алушы, самбо

УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІНІҢ ҚОС ЖЕҢІСІ

Шәкәрім университетінің студенті Мағжан Жұмашев қос бірдей жарыста жеңімпаз атанды.
Абай облысында “Semey Open” кәсіпқой аралас жекпе-жектен облыстық ашық турнир өтті. Турнирге 150-ден астам спортшы қатысты. Мағжан жарыста оқ бойы озып шығып, 83,9 кг салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырынан көрінді.
Самбо және жауынгерлік самбодан “Қазақстан кубогы Қабанбай батыр мемориалы” жарысы ұйымдастырылды. 400-ге жуық спортшылар қатысқан дүбірлі додада 88 кг салмақ дәрежесінде Жұмашев Мағжан чемпион атанды. Жарыс нәтижесінде Мағжан жауынгерлік самбодан спорт шебері нормативін орындады.
Спортшының жаттықтырушылары Дәурен Кульчигишев пен Айбек Жұманбаевты шәкіртінің жеңісімен құттықтаймыз!
Мағжан – республикалық, облыстық және қалалық жарыстардың жеңімпазы. Жас спортшымызды жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алар асуы, бағындырар белесі көп болатындығына сенімдіміз.