Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі30 қыркүйек 2022поздравление, құттықтау, ұстаздар күні

ҰСТАЗЫН ҰЛЫҚТАҒАН ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫ

Shakarim University ұстаздар күні мен қарттар күніне орай мерекелік кеш ұйымдастырды. Салтанатқа жиынға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, ардагер ұстаздары қатысты.
Университет ректоры Б.Ердембеков құттықтау сөзінде Ұстаздар күні қарсаңында ашылған "ҰСТАЗ БЕН ШӘКІРТ" символикалық ескерткішінің ағартушылық бағытта еңбек етіп жүрген педагогтер қауымына үлкен жауапкершілік жүктелгенін айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың аймақтың жоғары оқу орындарына арнайы оқу гранттарын бөлетінін және IT саласы мен ағылшын тілінің аясын кеңейтетін арнайы мектептерінің ашылатындығы туралы сүйінші хабарларды жеткізді.
Ұстаздар мен ардагерлерге арналған мерекелік шара университет студенттерінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Ұстаздар мерекесі аясында университетте «Менің ұстазым» құттықтау акциясы ұйымдастырылып 500-ден аса құттықтау хаттары #МеніңҰстазым #МойУчитель хэштегімен әлеуметтік желілерге кеңінен таралды.
Құрметті әріптестер, төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, өнегелі шәкірттер мен бағындыратын белестер көп болсын!