11 қазан 2023

Өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша семинарға қатысу

Агротехнопарк» ҒО-ның аға ғылыми қызметкері Дербышев Камиль Юрьевич бағдарлама аясында ұйымдастырылған «Функционалды азық-түлік өнімдерін өндіру үшін құс етін өңдеу технологиясын жетілдіру» тақырыбындағы өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша семинарға қатысты. «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Қазақ өңдеу және тамақ өнеркәсібі ҒЗИ» ЖШС Семей филиалы 2023 жылдың 10 қазанында өткен.

     Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті КЕАҚ жетекші ғалымдары, тамақ өнеркәсібінің өкілдері, докторанттар мен студенттер қатысты.