Сағанаева Гүлнұр Бейсембайқызы

Ғалым хатшы

Байланыс

+7(776)835-56-51
071412, ҚР, Семей қаласы, Глинка көш., 20А
Кабинет: 509

Ғылыми кеңес


Негізгі қызмет түрлері:

1. Ғылыми кеңес қызметінің мақсаттары:

1.1 Білім беру бағдарламаларын сәтті іске асыру мақсатында білім алушылар мен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін қажетті жағдайлар жасау;

1.2 Университетті қаржылық қолдауды және материалдықтехникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету;

1.3 Университеттің одан әрі дамуына жәрдемдесу.

 

2.  Ғылыми кеңестің құзыреттері:

2.1 Университеттің ұйымдық құрылымы бойынша: университеттің әкімшілік, оқу және ғылыми бөлімдерін (кафедралар, факультеттер, зертханалар және т.б.) құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде Директорлар кеңесінің қарауына ұсыныстар енгізеді және қарастырады;

2.2 Университет Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстар енгізу;

2.3 Университеттің даму стратегиясын айқындайды;

2.4 Университеттегі оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;

2.5 Ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлім басшыларының оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпараттық және халықаралық қызметті жүргізу нысандары мен әдістері туралы жыл сайынғы есептерін тыңдайды;

2.6 Жоғары білім берудің көп деңгейлі жүйесінде оқыту мерзімдері бойынша мамандар даярлаудың жаңа бағыттарын айқындайды және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру бағдарламаларын бекітеді;

2.7 Монографияларды, оқулықтарды, оқу құралдарын және оқуәдістемелік әзірлемелерді қарастырады және басылымға ұсынады;

2.8 Білім алушыларды ақылы бөлімнен білім беру грантына ауыстыру туралы шешім қабылдайды;

2.9 Университеттің негізгі мәселелерін қарастырады және әлеуметтік даму шешімдерін қабылдайды;

2.10 Оқу-зертханалық және ғылыми-зертханалық базаны дамытудың перспективалық жоспарын қарайды;

2.11 Студенттердің дипломдық жұмыстарының тақырыптары мен жетекшілерін, диссертациялық зерттеулер бойынша магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшілері мен кеңесшілерін бекітеді;

2.12 Университеттің стратегиялық даму жоспарын іске асыруға байланысты мәселелерді қарайды;

2.13 Ақылы білім беру қызметтерін көрсету, өндірілетін өнімді коммерцияландыру және өткізу арқылы ЖОО алатын кірістерді қайта инвестициялау бағыттары, сондай-ақ ақшалай қаражатты пайдалану тәртібі бойынша ұсыныстарды қарастырады және Басқармаға ұсынады;

2.14 Ішкі тәртіп ережелерін қарастырады және бекітеді;

2.15 ЖОО қызметкерлерін, шығармашылық ұжымдарды үкіметтік наградаларға, ғылыми және құрметті атақтарға, сыйлықтар мен стипендиялар алуға ұсыну, «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық конкурсына қатысу үшін кандидаттардың ұсынымдары туралы мәселелерді қарайды;

2.16 Алқалы шешімді талап ететін ЖОО қызметінің өзге де мәселелерін қарайды.

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ

  1. Орынбеков Думан Рымғалиұлы – Басқарма Төрағасы – Ректор, төраға
  2. Сағанаева Гүлнұр Бейсембайқызы – ғалым хатшы, қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы
  3. Оралқанова Индира Адылкановна – Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор
  4. Қалибекқызы Жанар – Басқарма мүшесі-ғылым және инновация жөніндегі проректор
  5. Шаменов  Мерей Ерболович  - Басқарма мүшесі-әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор
  6. Карибаев Мақсат Серікұлы – Басқарма Аппаратының басшысы
  7. Құрмамбаева Қарлығаш Солтанбековна –  қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы
  8. Байтерекова Гульжахан Еримовна – жұмыс беруші, университет серіктесі «Қазақстан Халық банкі» АҚ Семей қаласы бойынша директоры
  9. Әмірханов Құмарбек Жүнісбекұлы – тағам өндірісі технологиясы және биотехнология кафедрасының профессоры, Ардагерлер кеңесінің төрағасы
  10. Еспенбетов Арап Слямұлы – «Абай және Ұлттық руханият» Ғылыми орталықтың жетекші ғылыми қызметкері, Ардагерлер кеңесінің мүшесі
  11. Тоқаев Зейнолла Қалымбекұлы – ветеринария кафедрасының профессоры, Ардагерлер кеңесінің мүшесі
  12. Нұрымхан Гүлнұр Несіптайқызы – инженерлік-технологиялық факультетінің деканы
  13. Есенгулова Нурлыгуль Жансаповна – ветеринария және агроменеджмент факультетінің деканы
  14. Тлемисов Ұлан Бағдатұлы – гуманитарлық-экономика факультетінің деканы
  15. Мукаев Жандос Төлеубекұлы – жаратылыстану-математика факультетінің деканы
  16. Берикханова Гульназ Еженхановна - физика-математика ғылымдары және информатика кафедрасының профессоры
  17. Нуржанова Кульсара Халимарденовна -  ауылшаруашылығы және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі
  18. Жолымбаев Оралтай Муратканович – физика-математика ғылымдары және информатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры
  19. Қасымова Жанар Сайлаубековна – химиялық технологиялар және экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры
  20. Аккалиева Айжан Файзрахмановна – шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы
  21. Оразгалиева Арайлым Канатовна – экономика және қаржы кафедрасының қауымдастырылған профессоры
  22. Беленко Оксана Геннадьевна – психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры
  23. Қасымов Асқар Бағдатұлы –  Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, Техникалық физика және  жылу энергетикасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а.
  24. Қанатқызы Марал – «Экономика және басқару» ББ 1-курс магистранты
  25. Шағыманова Еркеназ – «Қазақ тілі және әдебиет» ББ 3-курс студенті                                                                                         Ғылыми кеңестің 08.02.2024 жылғы №6 хаттамасымен бекітілді

«СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

2021-2021 оқу жылына арналған кешенді жұмыс жоспары

2022-2023 оқу жылына арналған Алқалық орган отырыстарының жоспары

ҒК 2023-2024 оқу жылына жоспары