University Rector

Rector's Blog

News, thoughts and answers to questions from the university administration

Ask a Question

Questions and Answers

Даулетова Меруерт
11 August 2022

Question:

Сәлеметсіздер ме! Сұрайын дегенім сіздерде алтын белгі иегерлеріне гранттар немесе жеңілдіктер қарастырылған ба?

Rector's Answer:

Қайырлы күн! Сіздің бізге қойылған сұрақтың толықтай жауабын "Қабылдау комиссиясы және кәсіптік бағдар беру" бөлімінің басшысы Алия Каттабайқызына хабарласу арқылы біле аласыз. Байланыс нөмері: +7 707 689 6988.

Адеми Дериммековах
14 July 2022

Question:

Сәлеметсізбе. Мен Алматы облысынан боламын. Менің ұлым Сәлімғазы Алмат Алмасұлы биыл сіздердің білім ордаларыңызға барып құжат тапсырып эмтиханнан өтіп келді. Енді Грантқа құжаттарды онлайн тапсырса болама. Өзім көп балалы анамын. Сол жағын қалай жасауға болады екен. Рахмеет

Rector's Answer:

Қайырлы күн! Сіз бізге келіп шығармашылық емтихан тапсырдыңыз ба? Егер шығармашылық емтихан тапсырып, құжаттарыңыз бізде болса, мемлекеттік білім беру грантының конкурсына онлайн өтініш Zoom платформасында бере аласыз. Zoom конференциясына көрсетілген сілтеме арқылы кіре аласыз: https://us04web.zoom.us/j/3703111865?pwd=NWZ2YXZIODMrNXBhbHR3SUU4c2hRZz09 Конференция идентификаторы: 370 311 1865 Қосылу коды: 12345 Толық ақпарат алу үшін, университетіміздің қабылдау комиссиясына +7 (7222) 63‒33‒39 , +7(708)467‒17‒22 хабарласа аласыз.

Динара
02 July 2022

Question:

Можно ли сдать документы на 2 высшее на заочной или дистанционной основе?. И до скольки лет ( возрост ) принимают документы. ?

Rector's Answer:

Добрый вечер! На второе высшее образование приёма нет не по одной специальности. Для полной информации прошу позвонить в приёмную комиссию нашего университета: 87222633339 (городской номер), 87084671722 (сотовый номер).

Алихан Ауесхан
18 May 2022

Question:

Сәлеметсіз бе! Серпін бағдарламасы бар ма? Бар болса Бағдарлама қай жылға дейін жүзеге асырылады?

Rector's Answer:

Қайырлы күн! «Серпін – 2050» бағдарламасы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы аясында 2014 жылы басталды. Шәкәрім университеті бұл бағдарлама бойынша 2015 жылдан студенттерді қабылдауда. 2022-2023 оқу жылына университетке аталған бағдарлама бойынша 222 грант бөлінді.

Аманбол
25 March 2022

Question:

Кайырлы кеш. Акшасын толеп дистанционно окып жаткан студенттерди неге 1 айга шакырып жатырсыздар? Истеп жаткан жумыстарынан шыгарып тастамауына ким кепилдик береди? Дистанционно окитын студенттерди 1 айга шакыру каншалыкты занды?

Rector's Answer:

Қайырлы күн! Аманбол мырза, «Білім беру ұйымдарына қашықтан оқытуды ұсыну бойынша қойылатын талаптарды және қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығының 20 тармағына өзгерістер енгізілген, осыған сәйкес «жоғары оқу орындарына педагогикалық ғылымдар, құқық, хореография, аспаптық орындау, авиациялық техника мен технологиялар, құрылыс, теңіз техникасы мен технологиялары, денсаулық сақтау, әскери іс, ветеринария саласындағы кадрларды даярлау үшін оқытудың барлық кезеңінде жалпы академиялық кредит көлемінің жиырма пайыздан (20%) аспайтын көлемінде қашықтан оқытуға ауыстыруға жол беріледі». Яғни, қашықтан оқитын студенттерге 20 пайыз ғана қашықтан оқуға, ал қалған 80 пайызын университет қабырғасында оқуға міндеттейді. Сондықтан осыған орай, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті» КеАҚ оқу үрдісіне қатысу үшін барлық білім беру бағдарламасының қашықтан оқыту бойынша күндізгі бөлімінің студенттерін оқуға шақыруда. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы No 414-ВЗ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 98-бабына сәйкес (30.12.2021 ж. редакциядағы): «Білім беру ұйымдарында оқып жүрген жұмыскерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау, әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламаларынан өту үшін оқу демалыстары беріледі». Сондықтан, жұмыс беруші Сізді жұмыстан шығармауы керек деп түсінеміз.

Latest Posts

Dear applicants!
16 August 2025

Dear applicants!

You are facing a crucial decision. Essentially, today's...