ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

29 ноябрь 2022дебат, студенты, инклюзивное образование

Шәкәрім университетінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ педагогтердің қызметке дайындығын қалыптастыру» жобасы аясында екі күндік воркшоп ұйымдастырылды. Университеттің педагогикалық бағытындағы білім алушылары аталмыш шараға белсене қатысты. "PARASAT" және "КОНГРЕСС" интеллектуалдық дебат клубтарының мүшелері «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ педагогтердің қызметке дайындығын қалыптастыру» тақырыбына жан-жақты...

Подробнее

ШӘКӘРІМДЕ ЖАҢА ТЕАТР МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

23 ноябрь 2022студенттер, театр, жаңа маусым, премьера

Бүгін Шәкәрім университетінің "Қаракөз" студенттік театрының "Тағдыр ма? Әлде ..." спектаклінің премьерасы өтті. Студенттік труппаның негізгі құрамында 30-дан астам өнерпаз бар. Жаңадан сахналанған қойылымға 20-ға жуық әртіс атсалысты. Премьераның қоюшы-режиссері әрі авторы – Бектенов Ерғали Сәкенұлы. «Біздің акт залының жаңа сахнасында алғаш рет өнер көрсеткен "Қаракөз" студенттік театры болғанына қуаныштымын....

Подробнее

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҰСЫНЫСЫ ТЫҢДАЛДЫ

22 ноябрь 2022кездесу, студенттер

Бүгін Шәкәрім университінің басшысы Бауыржан Ердембеков Инженерлік-технологиялық факультеттің белсенді студенттерімен кездесті. Кездесуге факультеттің 30-ға жуық білім алушылары қатысты. Жиын барысында оқу үрдісіндегі проблема, патриотизм, сана, тәрбие, қолданбалы ғылым, стартап жобалар тақырыптары көтерілді. Басқарма төрағасы өз кезегінде университет ішіндегі бәсекелестік, студенттердің өзін-өзі басқаруына жол берілуі мәселелерін қозғады. Білім алушылар мен басшылық...

Подробнее

ШӘКӘРІМДІКТЕР ЖЕҢІМПАЗ!

22 ноябрь 2022студенттер, құттықтаймыз, венский бал

Бүгін Шәкәрім университетінің Гуманитарлық-экономика, Ветеринария және агроменеджмент, Жаратылыстану-математика факультеттері мен Шәкәрім жоғары колледжі қарашаңырақ намысын дәстүрлі "Вена балы - 2022" байқауында қорғады. Вальс әуеніне ұласқан, мазурка, полонеза, менуэт билеген жастар кештің сәнін кіргізді. Салтанатты кеш сымбатты серілер мен сұлу бойжеткендер қатысатын Вена балына ұқсады. Бүгінгі таңда сұлулық пен саф өнерді...

Подробнее

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНЕ 20 ГРАНТ БӨЛІНДІ

17 ноябрь 2022грант, білім алушылар, қоғамдық қор

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Taiburyl» қоғамдық бірлестігі Шәкәрім университетінің 20 студентіне грант бөлді. Грант иегерлерін құттықтау мақсатында қоғамдық қор online кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Қор басшылығы студенттер мен оқу орындарының өкілдерін қайырымдылық бағдарламасын іске асыру қорытындыларымен және Қор қызметімен таныстырырды. Сондай-ақ, білім...

Подробнее

УНИВЕРСИТЕТ БАЛЫ - 2022

10 ноябрь 2022университет балы, талантты студенттер

Ұлағат ұясына айналған білім мен ғылымның қарашаңырағында дәстүрлі он екінші «Университет балы» өтті. Шара жастарды бекзат өнерге тарту арқылы оларды жоғары мәдениеттілікке, инабаттылық пен қайырымдылыққа баулу мақсатында ұйымдастырылды. ️Жиынға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. «Әр ханшайымның өмірі ертегідей болу керек» деген ұранмен басталған бұл кеш университеттің "Қазақстан студенттерінің...

Подробнее

SHAKARIM UNIVERSITY: PARASAT IDEAS ҰЛТТЫҚ АҚЫЛДАСУ АЛАҢЫ

09 ноябрь 2022университет басшылығы, серпін, диалогтық алаң

Бүгін Шәкәрім университетінде «Серпін» қоғамдық қорының әлеуметтік жобасы «Parasat Ideas» ұлттық ақылдасу алаңы өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге университет басшылығы, еліміздің ЖОО-ның басшылары мен мамандары, «Серпін» бағдарламасымен білім алып жатқан студенттер қатысты. Жиында қатысушылар «Студенттерді жұмысқа орналастыру. Мансап университеттен басталады ма?» тақырыбында пікір алмасты. Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда оңтүстіктен келген білім...

Подробнее

ТАБЫСТЫ МАМАНДАР SHAKARIM UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ

04 ноябрь 2022кездесу, встреча с молодежью

Бүгін Shakarim University студенттері "Тәуелсіздік ұрпағы" жобасына қатысты, оның аясында "Дарын"мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарының қатысуымен шеберлік сыныбы, семинар-тренинг өткізілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауларының бірінде жас таланттарды қолдауға ерекше назар аударды. Сондықтан да бұл жобаның мақсаты қол жеткізген жас қазақстандықтардың кәсіби қалыптасу тарихын дәріптеу болып табылады. Шынында да, осы...

Подробнее

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

01 ноябрь 2022кездесу, жастар мәселесі, встреча со студентами

Студенттердің әлеуметтік және қоғамдық белсенділігін дамыту – Шәкәрім университетінің стратегиялық басымдықтарының бірі. Бұл бағытта білім алушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту, студенттердің корпоративтік мәдениет деңгейін көтеру және оларды тұлға ретінде қалыптастыру үлкен маңызға ие. Осы мақсатты жүзеге асыру бағытында бүгін Басқарма төрағасы - Ректор Бауыржан Ердембеков университеттің белсенді жастарымен кездесті. Кездесу барысында...

Подробнее

МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

21 октябрь 2022министрмен кездесу, шәкәрім жастары

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек coffee-break форматында Шәкәрім университетінің жастарымен кездесті. Кездесу барысында министр бүгінгі ақпарат саласындағы түйіткілді тақырыптар төңірегінде әңгіме өрбітті. Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда кез-келген жұмыстың негізгі аспектісі мен бағыты ақпаратпен жұмыс жасау болып табылады. Ақпаратты дұрыс сұрыптай алған маман жетістікке жететіндігін айтты. Еркін диалог алаңында...

Подробнее