Бүгін - Дүниежүзілік донорлар күні.
Инженерлік-технологиялық факультетінің 3 курс студенті Дәулет Ардақұлы жиен қарындасына өзінің бауырын ойланбастан береді.
Қарындасының өмірін құтқарып қалудың жалғыз жолы – бауырын ауыстыру еді. Осылайша, күні кеше өмір мен өлім арасында арпалысып жатқан бойжеткен операциядан аман шығады.
Әйгілі Мағжан ақын жырлағандай, ерлік ешқашан ұмытылмайды. Шәкәрім университетінің студенті Дәулеттің қайсарлығы мен ерлігі көпшілікке үлгі. Дәулет пен оның отбасына амандық тілейміз!