Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі11 ақпан 2022поздравление

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

11 ақпан – ғылымдағы әйелдер мен қыз балалардың халықаралық күні

Гендерлік теңдік – мемлекет басшысы саясатының өзекті мәселелерінің бірі.

Бұл күн әйелдердің ғылымға тең қол жеткізуін қамтамасыз етіп, әйелдер мен қыздардың ғылымдағы маңызды рөлін көрсетеді.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, Қазақстанда ғылым саласында 18 228 маман-зерттеуші бар, оның ішінде әйелдер - 9738 құрайды. 

Университетіміздің ғылыми әлеуетіне үлес қосқан  нәзік жанды қызметкерлерімізді айтулы мейраммен шын жүректен құттықтаймыз! 
Сіздерге ғылымдағы жаңа белестерді бағындыруға тілектеспіз. 

#Shakarim_University_Media_center

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы