1. Ғылыми кеңес қызметінің мақсаттары:
- білім беру бағдарламаларын сәтті іске асыру мақсатында білім алушылар мен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін қажетті жағдайлар жасау;
- Университетті қаржылық қолдауды және материалдықтехникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету;
- Университеттің одан әрі дамуына жәрдемдесу.
2. Ғылыми кеңестің құзыреттері:
- Университеттің ұйымдық құрылымы бойынша: университеттің әкімшілік, оқу және ғылыми бөлімдерін (кафедралар, факультеттер, зертханалар және т.б.) құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде Директорлар кеңесінің қарауына ұсыныстар енгізеді және қарастырады;
- Университет Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстар енгізу;
- Университеттің даму стратегиясын айқындайды;
- Университеттегі оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;
- ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлім басшыларының оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпараттық және халықаралық қызметті жүргізу нысандары мен әдістері туралы жыл сайынғы есептерін тыңдайды;
- жоғары білім берудің көп деңгейлі жүйесінде оқыту мерзімдері бойынша мамандар даярлаудың жаңа бағыттарын айқындайды және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру бағдарламаларын бекітеді;
- монографияларды, оқулықтарды, оқу құралдарын және оқуәдістемелік әзірлемелерді қарастырады және басылымға ұсынады;
- білім алушыларды ақылы бөлімнен білім беру грантына ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
- Университеттің негізгі мәселелерін қарастырады және әлеуметтік даму шешімдерін қабылдайды;
- оқу-зертханалық және ғылыми-зертханалық базаны дамытудың перспективалық жоспарын қарайды;
- студенттердің дипломдық жұмыстарының тақырыптары мен жетекшілерін, диссертациялық зерттеулер бойынша магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшілері мен кеңесшілерін бекітеді;
- Университеттің стратегиялық даму жоспарын іске асыруға байланысты мәселелерді қарайды;
- ақылы білім беру қызметтерін көрсету, өндірілетін өнімді коммерцияландыру және өткізу арқылы ЖОО алатын кірістерді қайта инвестициялау бағыттары, сондай-ақ ақшалай қаражатты пайдалану тәртібі бойынша ұсыныстарды қарастырады және Басқармаға ұсынады;
- ішкі тәртіп ережелерін қарастырады және бекітеді;
- ЖОО қызметкерлерін, шығармашылық ұжымдарды үкіметтік наградаларға, ғылыми және құрметті атақтарға, сыйлықтар мен стипендиялар алуға ұсыну, «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық конкурсына қатысу үшін кандидаттардың ұсынымдары туралы мәселелерді қарайды;
- алқалы шешімді талап ететін ЖОО қызметінің өзге де мәселелерін қарайды.
Құжат |
Құжатқа сілтеме |
Ғылыми кеңес ережесі |
|
2023-2024 оқу жылына арналған жоспары |
|
2022-2023 оқу жылына арналған жоспары |
|
2021-2022 оқу жылына арналған жоспары |
|
ҒК 2023-2024 оқу жылындағы шешімдері |
Протокол 1 от 01.09.2023 (shakarim.kz) Протокол 2 от 28.09.2023 (shakarim.kz) Протокол 3 от 27.10.2023 (shakarim.kz) Протокол 4 от 30.11.2023 (shakarim.kz) Протокол 5 от 28.12.2023 (shakarim.kz) Протокол 6 от 08.02.2024 (shakarim.kz) Протокол 7 от 29.02.2024 (shakarim.kz) Протокол 8 от 04.04.2024 (shakarim.kz) Протокол 9 от 25.04.2024 (shakarim.kz) |