press office of Shakarim University14 march 2025ғылым

AI-SANA: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ДАМЫТУҒА ЖАҢА ҚАДАМ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара ЩегловаShakarim University-дегі Huawei  ICT дәрісханасында болып, оқу орнында  жүзеге асырылып жатқан цифрландыру жұмыстарының, яғни  «AI-Sana» бағдарламасы бойынша жоспарланған жобалардың  жайына қанықты.

Сондай-ақ. ЖасStar коворкинг орталығында студенттерге ашық дәріс өткізді.

 

 

Елдің ғылыми-технологиялық дамуына жаңа серпін бере отырып, білікті кадр даярлау және жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталғанAI-Sana инновациялық бағдарламасына арналған дәрісте Динара Ринатқызы бұл бағдарламастуденттер мен оқытушылардың жаңа ойлауын қалыптастыру құралы ғана емес, сонымен қатар, қазақстандық жоғары оқу орындарының дәстүрлі білім беру тәсілінен ғылыми-зерттеу тәсіліне көшуіндегі маңызды қадам екенін атап өтті.

 

 

AI-Sana – бұл студенттер арасында жасанды интеллект дағдыларын жан-жақты дамытуға бағытталған бірегей бағдарлама. Ол 100 мың қатысушыны қамти отырып, ұлттық экономиканың әлеуетін арттыруға және технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған.

 

Нақтырақ айтсақ, AI-Sana бағдарламасы білім беру, зерттеу және қолданбалы тәсілдерді біріктіруді көздейді:

  • Жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы негізгі білім мен дағдыларды дамыту.
  • Экономиканың түрлі салаларында ЖИ технологияларын енгізу үшін білікті мамандарды даярлау.
  • Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары базасында DeepTech-стартаптардың қалыптасуына ықпал ететін тұрақты экожүйе құру.

 

Бағдарлама жоғары оқу орындарына дәстүрлі білім беру тәсілдерінен ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмысқа көшуге мүмкіндік беріп, оқыту мен зерттеудің жаңа әдіс-тәсілдерін дамытуға бағытталған.